Мамандар қатерлі ісіктен де қауіпті ауруды атады
Мамандар қатерлі ісіктен де қауіпті ауруды атады
5 жыл бұрын 5602 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Питтсбург және Вашингтон жоғарғы оқу орындарының мамандары сепсисті ең қауіпті аурулар қатарына жатқызды. Сепсис – инфекциялық агенттің немесе оның уының қанға өтуінен орын алатын, қабыну реакциясын тудыратын аса ауыр инфекциялық ауру. Сарапшылардың жүргізген есебі мен ғалымдардың дерегіне қарағанда, қанның бұзылуынан бақилық болатындар қарасы обырдан опат болатындар санынан асып кеткен. Lancet мерзімді басылымында жарияланған аталмыш аурудың әлемге түсіретін салмағы төңірегіндегі зерттеу нәтижелері мен статистикалық мәліметтер келтірілген баяндамада айтылғандай, 2017 жылы сепсистен болатын ажал әлемдегі өлім-жітімнің 19,7%-ын құраған. Яғни, аталған аса қауіпті дерттен көз жұмғандар қарасы 48,9 млн адамға жеткен. Олардың жартысын балалардың өлімі құраған. Сепсис кез келген уақытта кез келген адамның бойында пайда болуы мүмкін. Алайда, әсіресе, аяғы ауыр әйелдер мен жаңа туған шараналарда және қарттарда аталған кеселдің пайда болу ықтималдылығы жоғары.

0 пікір
Мұрағат