Майлы ас пен қатерлі ісік арасында байланыс бары ақырында дәлелденді
Майлы ас пен қатерлі ісік арасында байланыс бары ақырында дәлелденді
3 жыл бұрын 1618 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иллинойс штаты университетіне қарасты Бекман алдыңғы қатарлы ғылым мен технология институтының ғалымдары майлы тағам мен организмдегі азот оксидінің деңгейі арасында байланыс болатынн дәлелді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған ACS Central Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Азот оксиді (NO) қабынуға әрі қатерлі ісік қатерін арттыруғ ықпал ететін молекула ретінде белгілі. Бұл зерттеу үшін мамандар сезімталдығы жоғары BL660-NO молекулалық зондын жасап шығарды. Бұл наноқұрылғы - тірі ұлпалардың тереңдігінде болып жатқан процестерді визуализациялауға қабілетті атомдар немесе молекулалар тобы. Биолюминесцентті зонд белгілі бір молекулалық құрылымдармен, соның ішінде азот оксидімен өзара әрекеттеседі. Ғалымдар бұл зондты майлы тағаммен қоректенетін сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын тышқандардағы NO деңгейін (калорияның 60 пайызы) майы аз диетамен қоректенетін тышқандардағы (калорияның 10 пайызы) деңгейін салыстыру үшін пайдаланды. Бірінші жағдайда ғалымдар қатерлі ісіктің айналасындағы микроортада NO деңгейінің айтарлықтай жоғарылағанын байқады, бұл оның патологиялық процесспен тікелей байланысы барын дәлелдейді. Осылайша, қабынуды ынталандыратын диета азот оксиді өндірісін арттыруы мүмкін. Бұл макрофагтардың иммундық жасушаларына және NO-синтездеуші ферменттің шамадан тыс экспрессиясына байланысты болады, бұл өз кезегінде ісіктің одан әрі дамуын ынталандыруы мүмкін. Микроорта - қатерлі ісіктің дамуына өз әсерін тигізеті күрделі жүйе. Бұл факторды ескерудің маңызы зор. Оған қабынуға қарсы молекулалардың көп мөлшері тән, мұндай молекулалар майдың мөлшері көп әрі мейлінше өңделген тағамдарды тұтынумен байланысты пайда болады. NO-ді бастапқыда  қатерлі ісік жасушаларымен күресу үшін иммундық жасушалар істеп шығарады, өйткені, аталған молекула цитотоксикалық әсерге ие, алайда, уақыт өте келе азот оксиді ісік микроортасына тән концентрацияға жетеді. 

0 пікір
Мұрағат