Магнитті хирургиялық құрал дене ішінде кедергілерге байланысты пішінін өзгерте алады (видео)
Магнитті хирургиялық құрал дене ішінде кедергілерге байланысты пішінін өзгерте алады (видео)
2 жыл бұрын 1399 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

MaSoChain құралы катетерден итерілгенде сегмент ішіндегі магнит оныы қажетті пішінге енуге мәжбүрлейді. Бұл жайында islam.kz порталы өзгеше медициналық аспаптың ерекшелігі сипатталған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инвазивтілігі (организмге тікелей енгізу) аз лапароскопиялық хирургияда кездесетін қиындықтардың біріне хирургиялық құралдарды науқастың денесіне тар катетер арқылы енгізуде жатыр. Ғалымдар бұл қиындықты қажет болған жағдайда пішінін алып, бастапқы күйіне қайтаратын магниттік құралдардың көмегімен шешуге кірісті. Яғни, организмдегі кедергіден немесе тар қуытан ту үшін сагнит көмегімен пішінін өзгерте алатын құралды әзірледі. MaSoChain тәжірибелік жүйесі (magnetic soft-robotic chain – магнитті, жұмсақ, роботты тізбек) Швейцарияның ETH Zurich ғылыми-зерттеу институтында жасалды. Қысқаша айтқанда, MaSoChain – икемді әрі серпімді қосқыштары бар шағын қатты полимер сегменттерінен тұратын, 3D принтерінде басып шығарылған хирургиялық құралдар. Әрбір сегменттің ішінде стратегиялық түрде орналасқан  магнит бар. Катетерге енгізген кезде барлық компоненттер алқадағы інжу-маржан сияқты бір-бірімен түйіседі. Құралды катетердің ұшынан итеріп шығарғанда оның магниттері бір-біріне тартылып, MaSoChain-ді қажетті пішінге (катетерден кеңірек) мәжбүрлейді. Барлық жағдайларда хирургиялық тапсырма аяқталғаннан кейін құралдың құрамдас бөліктері катетер арқылы кері тартылған кезде бастапқы тар жіп конфигурациясына оралады. Содан кейін бүкіл құрылғыны зарарсыздандыруға және қайта пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат