Линзаға орнатылатын дисплей жасалды (видео)
|
Mojo Vision компаниясы CES 2020 көрмесінде контакті линзасына орнатылатын өзгеше монитор прототипін жұрттың назарына ұсынды. Бұл инновациялық құрылғы көру ақауын түзетуге арналған, сондай-ақ, виртуалды шындық жүйесімен жұмыс істейді, т.б. Біз сөз етіп отырған прототипке кіріктірілген монохромды монитор бір дюймде 14 мың пикселге дейін (рекордтық көрсеткіш) қамтиды. Негізгі кемшілігі – сырттан өңдеуші құрылғыны, қуаттау көзін, сенсорды және байланыс құралын қажет ететіндігінде жатыр. Технология дамуының қазіргі деңгейінде мұндай құрылғы көзілдірік түрінде немесе өзге конструкция түрінде ғана жұмыс істейді. Аталмыш құрылғыны жанары жасық адамдар тиімді пайдалана алады. Смарт линзаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жекелеген затқа назарын шоғырландыра алады. Жасанды интеллекті мүмкіндіктерін қолдану өз кезегінде қажетті ақпарат алуға септігін тигізетін қосымша реалды көрініс үшін платформаға линзаны интеграциялауға көмектеседі. Mojo Vision компаниясы қазіргі уақытта тек күрделі оптикалық жүйе концепциясын ғана жасай алды. Десе де аталмыш жобаны қаржыландыру үшін 100 млн доллар мөлшерінде қаражат жиналды. Алдағы уақытта осындай құрылғыларына патент алған Google және Samsung компанияларымен бәсекелесіп, құрылғыны одан ары жетілдіруге күш салады.