Ластанған ауадағы нақты қандай заттың алжуға бастайтыны анықталды (видео)
Ластанған ауадағы нақты қандай заттың алжуға бастайтыны анықталды (видео)
10 ай бұрын 954 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Магнетитпен ластанған ауа миды зақымдап, нейродегенеративті ауруларды тударытыны анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Environment International мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта ғалымдар тәжірибе барысында кеміргіштерді Альцгеймер ауруына бейім ететіндей етіп өсіріп, магнетитпен, темірмен және жанар-жағармаймен ластанған ауаның ұзақ уақытқа созылған әсерінің салдарын зерттеді. Ластанған ауа құрамындағы осы аталған заттардың ішінде магнетит кеміргіштің стрестен зардап шегуіне, нейроналды жасушаларжың жоғалтуына, қабынуға және қышқылдану стресіне  ұшырауына себеп болған. Бұл айтылғандардың барлығы түптеп келгенде Альцгеймер ауруының негізгі патологиялық белгілеріне жатады. Осы зерттеу нәтижесіне байланысты ғалымдар магнетиттің қоршаған ортадағы қауіпсіз деңгейін стандар  етіп бекітуді ұсынып отыр. Магнетит - оксидтер класының кең таралған қара минералы, табиғи темір оксиді. Бұл адамзатқа белгілі алғашқы магниттік материал

0 пікір
Мұрағат