Лас ауа алжу қатерін арттырады
Лас ауа алжу қатерін арттырады
4 ай бұрын 928 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Атмосферадағы парникті газдардың, тіпті, азғантай шоғырының өзі адамға үлкен қауіп төндіретін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet Planetary Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қатер, әсіресе, жанар-жағармаймен жүретін автокқлік ағылып жатқан күре жолдардың бойынша бірнеше есеге артады. Әлемге әйгілі Кембридж университетінің (Ұлыбритания) ғалымдары бұл тарапта 30 млн адамның деректерін талдай келе алжу (деменция) ауруы мен ластанған ауа арасында байланыс болатынын анықтады. Атмосфераны ластаушы заттардың негізгі үш түрі - PM2.5 қатты бөлшектері, азот диоксиді (NO ₂) және күйе немесе ыс ерекше қауіп төндіреді. Олардың барлығы көліктен және өнеркәсіптен бөлінеді. Зерттеушілер бұл заттардың ұзақ уақыт әсері Альцгеймер ауруы мен тамырлы деменция дертін қоса алғанда, адамның алжуға шалдығу ықтималдығын едәуір арттыратынын анықтады. PM2.5 бөлшектерінің әрбір қосымша 10 микрограмы ауаның текше метріне шаққанда алжу ауруына ұрындыру қатерін 17% -ға арттырады. NO ₂ - қауіп 3%-ға ұлғаяды, ал ыс - әрбір микрограмға 13%-ды құрайды. Бұл бөлшектер өкпе мен қан айналымына, содан кейін миға өтеді, онда нейрондарды зақымдауы және ми жұмысын бұзуы мүмкін қабыну мен тотығу стрестерін бастайды. Деменция жаһандық сипат алған дертке айналды - 2050 жылға қарай науқастар саны болжам бойынша 150 млн адамнан асады.

0 пікір
Мұрағат