Күріштен сүйек жасау: қалдықтарды биоматериалға қалай айналдыруға болады
|
Мәскеу қаласындағы «МИСиС» ұлттық, зерттеу, технологиялық университетінің композициялық материалдар орталығындағы материалтанушылардың халықаралық тобы имплант үшін және сүйек ақауын регенерациялау үшін биокерамика жасады. Ауыл шаруашылық қалдығынан, дәлірегі, күріш қауызынан алынған биоматериал биологиялық тұрғыдан минералданудың жақсы көрсеткішін көрсетті әрі сүтқоректілердің қан жасушаларымен «сыйысатын» болып шықты. Аталмыш жоғарғы оқу орны ғалымдарының бұл жаңалығы өз кезегінде медициналық мақсатта пайдаланылатын болады. Әрі арзан, әрі табиғи өнімнен жасалғандықтан, яғни, экологиялық залалы тимейтіндіктен кеңінен қолданылуы мүмкін. Күріш қауызы әдетте кремния диоксидіне бай келеді. Десе де құрамында кальция мөлшері көп жұмыртқа қабығы биоматериалдарды өндіруде оған нақты бәсекелес бола алады. Ғалымдар шикі жұмыртқа қабығы мен күріш қауызын силикатты биокерамиканың үш түрін, атап айтқанда, диопсидті, волластонитті және форстеритті жасап шығарды. Материалдар түрлі химиялық элементтерімен айрықшаланады. Бастапқы шикізаттардың химиялық құрамы мен физиологиялық ортадағы ерітіндісі материалдың биологиялық белсенділігін айқындайтын факторлар. Материалдың биологиялық белсенділігі неғұрлым жоғары болса, имплантология саласындағы операцияларда организмге соғұрлым сәтті кірігетін болады. Бұл бағыттағы зерттеу материалы Materials Science and Engineering C: Materials for Biological A pplications халықаралық ғылыми, мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдардың айтуынша, сүйекті регенерациялауды тездетуге қажетті негізгі химиялық элементтерді синтетикалық биоматериалдарда ауыстыру қиын. Натрия, магния, калия, кремния және өзге де элементтердің ионын табиғи жолмен «мұраға» алған биогендік ауылшаруашылық қалдықтарын пайдалану өз кезегінде жарақат алған кезде немесе қандай да бір сүйек ауруларынан зақымданған сүйек тіндерінің қалыптасуын, яғни, остеогенездің жылдамдығын арттыруда көмектеседі. «Диопсид (CaMgSi2O6) ең жақсы нәтиже көрсетті - ол 24 сағаттық инкубациядан кейін де барлық концентрацияларда (62,5, 125, 250 мкг / мл) ең жоғары гемолық тұрғыдан сыйысатынын көрсетті. Тышқандардың мультипотентті мезенхималық стромальды жасушаларын (MMSC) диопсидпен инкубациялау әдетте жасуша дақылындағы апоптоз деңгейін көтермейді»,- деп түсіндірді осы зерттеуге атсалысқан авторлардың бірі Раджан Чоудхари. «Біз күріш қауызынан таза кремний диоксидін алудың қарапайым әдісін ұсындық. Сынақтар барысында біз осы жолмен алынған материал онымен байланыста болған жасушалардың өміршеңдігін бұзбайтынын көрсеттік», - деп қосты NUST MISIS iPhD биоматериалдар ғылымының жетекшісі, ф.ғ.д. Федор Сенатов.
(ықшамдалып алынды – ред.)