Күннен энергия алудың тағы бір тәсілі табылды
Күннен энергия алудың тағы бір тәсілі табылды
3 жыл бұрын 2120 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Италиялық ғалымдар күннен энергия өндіруге арналған фотоұяшықтың жаңа түрін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада сымсыз құрылғыларды энергиямен молынан қамтамасыз етуге болатын өзгеше фотоұяшық турасында сөз болып отыр. Ғалымдардың дерегінше, соңғы жылдары сымсыз, цифрлы техникалар нарығы шапшаң өсіп келеді. Соның ішінде, фитнес-білезік, ақылды қол сағаты, смартфон секілді құрылғылар осы заманғы адамның қажеттілігіне айналған. Осыған байланысты оларды энергиямен қамтамасыз ететін дербес энергия көзі керек, олардың қуаты 1 микроваттан кем болмайды. Мәселен, мұндай  стандартқа ғалымдар ойлап тапқан, зарядты бөлмедегі анып тұрған шамнан да алатын энергия қорымен қамтамасыз ететін перовскитпен жұмыс істейтін шағын фотоэлектрлі аккумулятор жауап бере алады. Перовскит – минерал. Оның пайда коэфициенті шамамен 25%-ды құрайды. Мұндай шама жартылай өткізгіштерге де тән, алайда, перовскитті жасауға әлдеқайда аз уақыт жұмсалады. Жаңа технология өз кезегінде дербес энергия көздерін өндіру технологиясын оңайлатуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат