Күн көзінен, дәлірегі, ультркүлгін сәуледен қандай ағаштың жақсы қорғайтыны белгілі болды
Күн көзінен, дәлірегі, ультркүлгін сәуледен қандай ағаштың жақсы қорғайтыны белгілі болды
4 жыл бұрын 3089 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл төңіректе арнайы ізденген канадалық ғалымдар үйеңкі түрлерінің бірі – жазық үйеңкінің (Ácer platanoídes) күн көзінен, яғни, ультркүлгін сәуледен жақсы қорғайтынын анықтап отыр. Осыған байланысты ғалымдар аталған ағаш түрін елді мекендерде көптеп өсіруге кеңес береді. Атап ыстықта қапырықты сейілтетін ерекшелегін алға тарта отырып. Бұл жайында islam.kz порталы ВВС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ағылшын тілінде хабар тарататын аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, сондай-ақ, бұл тізімнің бас жағына емен ағашы да көрінген. Ғалымдар торонто қаласында көптеп өсетін 16 ағаш түрін зерделеген екен. Ғалымдар ағаштың ұшар басынан төменгі жағындағы «эритеммен өлшенген» ультркүлгін сәуле деңгейлері арасындағы айырмашылықты анықтап, оны ультркүлгін сәуленің қуатымен салыстырып көрген екен. Эритемдік «салмақ» ультракүлгін сәуле деңгейлерінің теріні қалай күйдіретінін көрсетіп береді.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат