«Көзге шөп салғандардың» адал серігіне қарағанда ерте қайтыс болатыны анықталды
«Көзге шөп салғандардың» адал серігіне қарағанда ерте қайтыс болатыны анықталды
2 ай бұрын 825 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Макс Планк атындағы эволюциялық антропология институты (Германия) ғалымдарының таяуда жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес ерлердің әйелдерге қарағанда ерте өмірден кетуіне тек гені ғана емес, басқалай да себептер әсер ететін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Статистикалық дерекке қарағанда, ерлер әйелдерге қарағанда орташа шамамен 5,4 жыл кем өмір сүреді. Мұндай айырмашылық тек адамдардан ғана емес, жануарлардан да байқалған. Дәлірегі, сүтқоректілер түрінің 72%-да ұрғашылары еркектеріне қарағанда ұзақ өмір сүреді. Бұл тарапта аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары ерлер мен әйелдер арасындағы өмір сүру ұзақтығының айырмашылығындағы эволюциялық тетікті анықтау мақсатында жануарлардың мыңдаған түрін зерттеген екен. Зерттеушілер моногаманың түрі неғұрлым көп болса, еркектер мен ұрғашылардың өмір сүру ұзақтығы арасындағы алшақтық соғұрлым азырақ болатынын байқаған. Сүтқоректілер  бойынша өзіне серік болатын ұрғашылар үшін күресетін еркектерінің өмірі әдетте қысқа болады. Ал тұрақты жұбы бар құстарда жағдай керісінше - еркектері орташа алғанда ұрғашыларынан 5% ұзақ өмір сүреді. Неге бұлай? Бұл құбылыстың бір себебі - хромосомалар. Еркек сүтқоректілерде қысқарған Y-хромосома болады, егер онда зиянды мутация пайда болса, оның орнын толтыратын немесе алмастыратын «қосалқы көшірме» болмайды. Ұрғашыларда екі X-хромосома - оларды генетикалық ауытқулардың көп бөлігінен қорғайды. Десе де ген – мәселенің тек бір бөлігі ғана. Осы зерттеуге жетекшілік еткен Йохан Стерк есімді ғалымның айтуынша, ерлер ұрпақ өрбітуі үшін «ақы» төлейді. Былайша айтқанда, күш-қуатын жұмсайды, бәсекелесінен үстем түсу үшін мүйізіне, бұлшық еттеріне, т.б. орасан салмақ түседі. Бұл күрестен жарақат алады, стресс алады. Ал бұл факторлар организмнің қартаю процесін тездетеді. (Ғалым сөзінің түпнұсқасы: “Males often pay the price for reproduction. To secure mates, they invest in traits like manes or antlers and spend energy fighting rivals, which increases their risk of injury and shortens their lifespan.”). Бәсекелесін ығыстыру кезінде сынған мүйізін қайта өсіруге де организімі көп ресурс жұмсайды. Ал моногамды түрлерде бәсекелестер мүлдем аз, сол себепті, ерлері ұрпақ өрбітуі үшін орасан зор ресурс жұмсамайды.

0 пікір
Мұрағат