Көз қарықтыратын ақ шаңқан бояу күн сәулесінің 98 %-ын шағылыстырады
Көз қарықтыратын ақ шаңқан бояу күн сәулесінің 98 %-ын шағылыстырады
4 жыл бұрын 3820 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Климаты ыстық аймақтардағы ғимараттарды әдетте ақтап, ақ түске бояп жатады. Күн сәулесін сіңіріп алмай, шағылыстыру үшін. Осылайша ғимарат ішінің ысып кетпеуіне көмектеседі. Калифорния университетінің ғалымдары барлық күн сәулесін шағылыстыратын супер ақ бояу ойлап тапты. Бұл жайында techcult.ru ақпарат көзі хабар таратты.

2012 жылы NASA мамандары бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен. Нәтижесінде Нью-Йорк мегаполисіндегі ғимараттарда пайдаланылған ақ шаңқан қаптама шатырдағы температураны 24 °C-қа дейін төмендеткен. Бүгінде сауда орындарында бар ақ бояулар ары кетсе күн сәулесін тек 85 %-ға ғана шағылыстыра алады. Қалғанын сіңіріп алады. Аталған америкалық жоғарғы оқу орнының ғалымдары бұл көрсеткішті айтарлықтай көтеріп, технологиялық жетістікке қол жеткізе алды. Осы заманғы жарықты шағылыстыратын бояу құрамындағы титан тотығы инфрақызыл сәуленің көбісін шағылыстырып, күлгін әрі ультркүлгін жарықты ғана сіңіреді. Тәжірибе барысында ғалымдар оны алмастыратын затты тапты – бұл арада суретшілер мен тефлондардың арсеналынан алынған пигментті барит турасында сөз болып отыр.

Рецептураны өзгерту өз кезегінде бояудың жарықты шағылыстыру тиімділігін рекордтық деңгейде арттыруға мүмкіндік берді - 98 %; бұл деңгей ғимараттарды салқындатуға кететін шығынды түбегейлі азайтуға мүмкіндік бермек.

Аталмыш жаңалық, әсіресе, жылдан жылға қарқын алып келе жатқан жаһандық жылынуға қарсы көмегін тигізетіндігімен құнды. Бұл жайында Joule мерзімді басылымында айтылған.

Супербелая краска

0 пікір
Мұрағат