Короновирустың өлімге апаратындай қауіпті болуының сыры ашылды
Короновирустың өлімге апаратындай қауіпті болуының сыры ашылды
4 жыл бұрын 12579 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ энергетика министрлігіне қарасты Брукхейвен ұлттық зертханасының ғалымдары тәжді тажалдың адам өкпесінің негізгі ақуыздарымен өзара байланысына ықпал ететін, короновирус қабығының беткі жағында болатын ақуыздың алғашқы егжей-тегжейлі моделін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу өз кезегінде SARS-CoV-2 вирусының өлімге апаратын қатерін терең түсінуге әрі тыныс алу жолдары мен өзге ағзаларды қалай зақымдайтынын білуге мүмкіндік берген. Ғалымдар бұл тарапта молекулярлық моделін жасау үшін Биомолекулярлық құрылым зертханасындағы (LBMS) криоэлектронды микроскопты пайдаланған екен. Криоэлектронды микроскоп мембраналы ақуыздар мен  әдетте кристаллография үшін кристалл алу қиынға түсетін динамикалық ақуыздар кешенін зерделеуге мүмкіндік береді, тіпті, молеулалардың динамикасын қадағалауға мүмкіндік береді бұл құрылғы. Е қабығының ақуызы вирустың беткі жағында орналасқан әрі масақ (вирус тікені) ақуызымен бірге вирустың жасушаға енуіне және оның көбеюіне (репликация) көмектеседі. Сондай-ақ, ол орын босату үшін әрі вирустың өзге жасушаларға берілуінде негізгі рөл ойнайды. Ғалымдардың пайымдауынша, ол мұны PALS1 деп аталатын вирустың беткі жағындағы ақуыздармен байланыса отырып жүзеге асырады, осылайша бір-біріне тығыз орналасқан жасушалардың көбесін бұзады. Өкпе жасушаларының арасындағы байланыс бұзылған соң иммундық жасушалар зақымдалған жерді бітеу үшін цитокин бөледі. Иммундық жасушалардың бұл әрекеті өз кезегінде жағдайды одан ары шиеленістіреді, «цитокиндік дауылдан» организмде қабыну процесі басталады. Вирус өкпе жасушаларының арасындағы байланыстың әлсірегенін пайдаланады – өкпені тастап шығып, қанға өтеді де өзге ағзаларды замыдауға көшеді.

Ұқсас материалдар: 

"Короновирустың жасанды вирус екеніне тағы бір дәлел табылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/koronovirustyn-jasandy-virus-ekenine-tagy-bir-dalel-tabyldy-15338/#gsc.tab=0);

«Короновирус – қолдан жасалған жасанды вирус – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/alem/koronovirus-qoldan-jasalgan-jasandy-virus-zertteu-15294/#gsc.tab=0);

«Тәжді тажал індетін жұқтырғанымен оның белгісі қандай адамдарда білінбейтіні белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tajdi-tajal-indetin-juqtyrganymen-onyn-belgisi-qandai-adamdarda-bilinbeitini-belgili-boldy-13643/#gsc.tab=0);

«Тәжді тажалдың осал жері белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tajdi-tajaldyn-osal-jeri-belgili-boldy-13625/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат