Коронавирустар қайдан пайда болады және неге олар соншалықты қауіпті?
Коронавирустар қайдан пайда болады және неге олар соншалықты қауіпті?
5 жыл бұрын 3871 bugin.kz
Короновирус жайында

Қытайда 2019-nCoV коронавирусын жұқтырған адамдар саны бес мыңға жуықтады.  Өлім саны күннен күнге өсуде. Жалпы осы уақытқа дейін 100-ден астам адам осы вирустан қайтыс болған. 

Бұрын бірнеше аурудың өршуіне себеп болған да осы  коронавирустар. Мысалы, 2003 жылы ауыр жедел респираторлық синдромның эпидемиясы (SARS), сондай-ақ 2012 жылы Таяу Шығыс тыныс алу синдромы (Mers) деп аталды. Бірінші вирус жағдайында барлық ауруды жұқтырғандардың 9%-ы , ал екінші эпидемия кезінде болса 35% -ы науқастар қайтыс болды.

Қауіпті коронавирустар қайдан пайда болады?

Sars, Mers  және 2019-nCoV коронавирусының пайда болуына себеп болған адамдар емес, жануарлар. Және олар адамдар үшін қауіпті көптеген вирустың тасымалдаушысы деп саналады. Бірақ,  адамдардың тікелей жануарлардан вирустарды жұқтыруы сирек кездеседі.

Уорк университетінің ғалымы Эндрю Инстон айтуы бойынша егер де адамдардың  иммундық жүйесі әлсіресе, ауруды жануардан жұқтыру қаупі жоғары болады екен. Қауіп көбінесе вирустың ерекше мутациясымен байланысты.

Короновирустың  бәрі бірдей қауіпті емес екенін есте ұстаған жөн. Бірақ, бір түрден екінші түрге ауысатындар үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Осы ретте неліктен «спецификалық» коронавирустар адамдар үшін соншалықты қауіпті?» деген сұраққа жауап берелік.

- Вирус бір түрден екіншісіне ауысқанда, оның қалай дамитынын алдын-ала болжау мүмкін емес. Бұл процестің алғашқы кезеңдерінде вирус өте күшті болуы мүмкін, - дейді Эндрю Истон.

Вирус күтпеген жерден жануардан адамға ауысқанда, адамның иммундық жүйесі бұл нақты вирусты жеңуге дайын емес болады. Өйткені, адамдар бұрын-соңды мұндай жағдайды кездестірмегендіктен, мұндай вирустарға өте осал келеді. Міне, сондықтан да жаңа вирус түрі қауіпті болып саналады.

Тұмаудың ең қауіпті пандемиясы 1918-19 жылдары тіркелген. Бұл уақытта адамдар құстар арқылы тұмауды жұқтырған.  Содан кейін «испанкилар» құрбандары 50 миллионға дейін жетті. Ал қазіргі коронавирустың мұндай ауыр індетке әкелетіні туралы нақты дәлелдер жоқ, алайда адамның жануарлардан жұқтыруының алдыңғы жағдайлары дәрігерлердің сақтық шараларын күшейтуіне алып келді. 

0 пікір
Мұрағат