Корей ғалымдары сирек металдарсыз қуатты магнитті қалыптастырудың тың әдісін тапты
|

Корей ғалымдары табиғатта сирек кездесетін әрі қат, өндірісі де қымбат тұратын металдарды қажет етпейтін қуатты магнитті қалыптастырудың адам түсіне кірмейтін тың әдісін ойлап тапты, Бұл жайында islam.kz порталы hightech.plus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елінің бірегей технологиясы кәдімгі дәннің шекарасы бойындағы екі сатылы диффузия процесіне негізделген; бұл процесс диспрозия немесе тербия сияқты сирек кездесетін ауыр металдардан тұратын ұқсас түрлерінен кем түспейтін магнит шығаруға мүмкіндік береді. Корей ғалымдарының бұл саладағы төңкеріс жасайтын жаңалығы өз кезегінде қарқын алған электрмен жүретін көлік өндірісі, робот техникасы, ұшқышсыз ұшу аппараты, т.б. секілді осы заманғы озық технологияға ауадай қажет сирек кездесетін элеементтердің әлемдік нарығында үстемдік етіп отырған Қытайға импортына тәуелділікті көп төмендететін болады. Бұл бағыттағы өндіріс процесі баяу балқитын металдың салқындату кезеңі болатын материал құрылымына термиялық инфильтрациядан, яғни, термияны енгізуден басталады. Содан кейін материал жоғары температурада празеодиммен сіңіріледі. Ғалымдар негізгі проблеманы шеше алды - бұрындары магниттік қасиеттерін нашарлататын дәндерді ірілендіру. Нәтижесінде жаңа магнит сирек жер қоспалары бар коммерциялық магниттерге толыққанды балама болады.




