Көмірқышқыл газынан ет өндіріледі
Көмірқышқыл газынан ет өндіріледі
5 жыл бұрын 2272 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық Air Protein стартапы атмосферада жиналып қалған, адамзат құтыла алмай отырған көмірқышқыл газынан протеиндік өнім алуды ұсынып отыр. Айналып келгенде, бұл тәсіл соншалықты соны деп айта алмайсыз: өткен ғасырдың алпысыншы жылдары НАСА-ның технологиясын қайта жаңғыртып отыр. Сол кезде ғарыштық ұшудың дербестігін арттыру үшін, яғни, ғарыш кеңістігінде ғарышкерлер азық-түлік тапшылығына ұрынбасы үшін қолға алынған жоба болатын. Сол тұста ғалымдар «гидрогенотроф» деп аталатын микробты тапқан болатын. Алайда, тәжірибе тоқтап қалған еді. Гидрогенотроф дегеніміз не? Олар көмірқышқыл газымен қоректенеді – ғарышкерлер сыртқа шығарған демін сіңіріп алады. Ал олардың өмірлік қызметін өз кезегінде ақуыз бен етке қажетті материалдар түзетін түрлі аминоқышқылдар құрайды. Яғни, микробтар бір мезгілде ғарыш кемесіндегі ауаны сүзгіден өткізеді әрі тағам өнімін өндіреді. Air Protein өзінің өнімінде көмірқышқыл газынан бөлек, түрлі ферменттерді қамтитын газ қоспасын жасаған еді. Оны микробтар өңдеуден өткізгеннен кейін қошқыл ұнтақ пайда болады. Ол етке түрі жағынан ғана емес, сонымен қатар, дәмі жағынан да келмейді. Есесіне оны адам рационында еттің орнына тұтынуға болады, яғни, белгілі бір деңгейде етті алмастыра алады. Бір порциясын дайындауға бірнеше күн кетеді. Десе де жануар етіне қарағанда өте аз шығынды қажет етеді. Аталмыш стартап авторлары өсімдіктен ет алатын түрлі жобалармен бәсекелесуге дайын екенін жасырмайды. Бұған қоса, атмосферадағы ластаушы заттармен тиімді жолмен күресуге әрі аштыққа ұрынған адамдарға арзан өнімін ұсынбақ.

Мясо

0 пікір
Мұрағат