Көмірқышқыл газын сіңіретін тас жол жабындысы жасалды
Көмірқышқыл газын сіңіретін тас жол жабындысы жасалды
3 жыл бұрын 1296 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Норвегиялық Carbon Crusher компаниясы биоматериалдардан экологиялық жол төсенішін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Fast Company ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып  мәлім етеді. Норвегтік мамандардың бұл жол төсеніші көмірқышқыл газын сіңіреді. Мәселен, тас жолдың 1,5 шақырымын төсеу барысында атосфераға 1,4 мың тоннадан 2,3 мың тоннаға дейін көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұған жол құрылысында битумды (мұнай өңдеуден пайда болатын өнім) пайдалану себеп болады. Норвегтер битумды лигнин органикалық полимермен алмастырды. Ол қағаз өндірісінен қалатын қалдық. Carbon Crusher, яғни, көміртекті уататын арнайы құрылғы асфалтты ұсақ қиыршыққа айнналғанша уатады. Экологиялық құрамы битум секілді болып келеді. Норвег мамандарының айтуынша, аталмыш ехнология пайдаланылып төселген жолдың 30 метрі атмосфераға бөлінетін көміртекті 3,6 есеге кеміте алады.

0 пікір
Мұрағат