Кофе бауыр обырынан сақтайды
Кофе бауыр обырынан сақтайды
10 жыл бұрын 4155

Лондон қаласындағы Империя колледжінің ғалымдары әлем бойынша жүргізілген 34 зерттеудің нәтижелерін талдап шыққан. Бұл зерттеулерге ұзын саны бауыры ауыратын 24 мың адам қатысқан екен. Бұл жайында Tech Times ақпарат көзі хабар таратты. Алайда ғалымдар ыстықтай ішетін (кейде суытып) сусынның осынау түрінің бауыр обырының қалай алдын алатынын немесе бауыр церрозы дертінің қатерін қалай төмендетінін анықтай алмаған. Десе де, күн сайын бірнеше кесе кофе ішетін адамдардың арасында бауыр обырына шалдығатындар қарасы 29%-ға аз болып шыққан. Ғалымдардың пайымдауынша, кофе экстрактісі қабынумен байланысты ген экспрессиясын баяулатады. Бұл эффекті онкологиялық кеселдің алдын алатын бауыр ұлпасында пайда болады.

 

 Шоколад артық салмақтан арылтады

Шоколад пен көміртегі аз тағамдарды ғана тұтыну диетасын ұштастырса, бұл өз кезегінде артық салмақтан арылуға көп көмектесетін көрінеді. Бұл жайында The Times of India ақпарат көзі хабар таратты. Тағам және денсаулық сақтау институты жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, тағам рационында көміртегін азайту айтарлықтай нәтиже бермейді немесе мүлдем нәтижесіз аяқталады. Ғалымдардың айтуынша, бұл тәсілдің тиімділігі тағам құрамындағы биологиялық қоспаларға қарай түрліше болмақ. Ал шоколад бұл орайда таптырмайтын тағам болар еді: өйткені, оның құрамында адам ағзасына оң әсерін тигізетін флавоноид молекулалары мен өсімдік заттары секілді қоспалар кездеседі. 19-дан 67 жасқа дейінгі аралықтағы зерттеуге өз еркімен қатысқандар үш топқа бөлінген. Бірінші топтағылардың диетасында құрамында көміртегі аз тағамдар ұсынылған, ал екінші топтағылар көміртегісі мүлдем аз тағамдар кірген диетаға отырған, алайда, күніне 42 грамм қара шоколад (құрамында 81% какао бар) жеген, үшінші топтағылар бақылауда болғанымен, әдеттегіше тамақтанған, яғни, нені қаласа, соны ішіп-жеген. Артынан белгілі болғандай, шоколад жегендер қалған екі топтағыларға қарағанда 10%-ға артық салмақтан арылған. Осыған байланысты аталған зерттеу жұмысына жетекшілік еткен Йоханнес Боханнон мынаны ескертті: құр шоколадтың өзін ғана жеу жеткіліксіз, оны өзге тағамдармен араластырып жеген тиімді.

 

Ғалымдар сүттің ми жұмысын жақсартатынын дәлелдеді

Канзас Университетіндегі медицина орталығының мамандары сүттің ми қызметін жақсартатындығын анықтады.
Сүт ішу арқылы адам миындағы мықты антиоксидант – глутатион деңгейі жоғарылайтын көрінеді. Мамандар зерттеуге 60 адамды қатыстырды. Олардың соңғы күндердегі тамақ рациондарын сұрастырып, глутатион деңгейін анықтау үшін бас миын сканерден өткізген. Нәтижесінде соңғы уақыттарда көп сүт ішкен адамдардың миында глутатион деңгейі жоғары болды. Ал бұл антиоксидант ми қызметі үшін өте керек. Мамандар тәулігіне кем дегенде үш стақан сүт ішіп жүруге кеңес беріп отыр.

 

Ғалымдар: Таңертең аш қарынға су ішу көптеген аурулардың алдын алады

Көптеген зерттеулер аш қарынға ішілген су ағзадағы метаболизм процестерін іске қосып, ағзаны нығайтып қана қоймай, көптеген созылмалы ауруларды емдеуге көмектесетінін растады. Бұл жайында Golbis ақпарат көзі хабар таратты.
Адам ағзасының 65 пайызы судан тұрады. Ғалымдар аш қарынға ішілген қос стақан судың өзі ағзамызға оң әсерін тигізе алатынын айтады.
Алайда зерттеулерге сәйкес, жалпы адам денсаулығын жақсарту әсерінен басқа, судың ағзаға тигізетін емдік қасиеттері де бар. Аш қарынға ішілген су бас ауруы, дененің ауыруы, тахикардия, эпилепсия, қандағы холестерин деңгейінің көтерілуі, бронхит, демікпе, туберкулез, менингит, бүйрек пен несеп шығару жолдарының аурулары, гастрит, диарея, геморрой, диабет, іш қату, көз ауруларын емдеуге көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат