Кітаптың бетін ашпай оқудың тәсілі табылды. Бұл жаңалық кімдерге тиімді немесе артықшылығы неде
Кітаптың бетін ашпай оқудың тәсілі табылды. Бұл жаңалық кімдерге тиімді немесе артықшылығы неде
5 жыл бұрын 2580 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технология институтының (MIT) ғалымдары тура мағынасында кітаптың бетін ашпай-ақ оқуға мүмкіндік беретін өзгеше құрал ойлап тапты. Дәлірегі, жабық кітаптың мазмұнына терагерцтік сәулелену арқылы қанық бола аласыз. Бұл жайында Nature Communications мерзімді басылымында жарияланған аталмыш тақырыпқа қатысты  мақалада айтылған. «Нью-Йорк музейі бұл технологияға мүдделілік танытып отыр. Қол тигізсең үгітіліп кетейін деп тұрған көне кітаптардың мазмұнына үңілу үшін»,- деп мәлімдеді MIT зерттеушісі Бармак Хешмат (Barmak Heshmat). Ол әріптестерімен трагерцтік сәулелену деп аталатын аталмыш технологияны зертханада сынап көрген екен. Трагерцтік сәулелену, ғалымдардың айтуынша, оптика, микроэлектроника және жоғары технологиялы салаларда кейін кеңінен қолданылатын, келешегі зор бағыттардың бірі. Яғни, болашақта толқынның мұндай түрі ақпаратты жедел жеткізуде, нақты уақыт аралығында тірі жасушаларды бақылауға, т.б. мақсаттарда пайдалануға болады. Мұндағы мақсат – қадаланатын обьектіні барынша «мөлдір» етуге, яғни, көздің көру қабылеті жете бермейтін обьектілерді тануға саяды. MIT ғалымдары таза парақтан әріптерді ажырата алатын ерекше сканер ойлап тапты. Яғни, терагерцтік сәулелену шоғыры өзгешелігінің қалай өзгеретініне - обьектінің беткі жағында шағылысып, қаншалықты уақытта қайтып оралатына байланысты «оқиды».  Теория тұрғысынан алғанда мұндай технология кез келген көлемдегі әрі қалыңдығы әр түрлі кітапты оқуға болады. Ал тәжірибеде бұған фондық шу кедергі келтіреді: терагерцтік толқын бірнеше парақта шағылысады, т.б. кедергілер. Осыған байланысты ғалымдар бейнені талдай алатын әрі паразиттік сигналдарды сейілтетін арнайы алгоритм қолданды. Осының арқасында кітаптың алғашқы 20 бетіне дейін оқуға мүмкіндік алды. Таяу болашақта бұл бағдарламаның мүмкіндіктерін одан ары жетілдіреді. Жабық кітаптың алғашқы 20 бетін ғана емес, одан да көп бетін оқуға мүмкіндік беретіндей етіп. Мұндай құрылғы – сканер ең алдымен ежелгі бұйымдармен және жәдігерлермен жұмыста аса сақтықты қажет ететін археологтарға, тарихшыларға, криминалистерге (із кесушілерге) тиімді болмақ. Бұдан бөлек, көп қабатты микрочиптерді зерделеуге, ғарыш аппараттарына арналған құрал-саймандарды дайындау барысында олардың сапасын тексеруге, медициналық мақсатта (мәселен, дәрінің құрамын анықтауда) көмектеседі. 

0 пікір
Мұрағат