Кез келген қашықтан көруге мүмкіндік беретін спиралды линза пайда болды
Кез келген қашықтан көруге мүмкіндік беретін спиралды линза пайда болды
9 ай бұрын 1285 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адам көзінің табиғи линзалары - кристалды линзалар - торға жарықты шоғырландырудың ең маңызды функциясын орындайды, алайда, жас ұлғая келе олар деформацияланады, яғни, тозады, соның салдарынан адам көзі бұлдырап, көру қабілеті нашарлайды. Бұл жайында islam.kz порталы opg.optica.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көзілдірік – адамның ақау шалған көру қабілетін түзету үшін жасалған жасанды линза. Дегенмен, көптеген көзілдіріктердің бір ғана көру (барлық тарапты бір деңгейде көрсететін) нүктесі бар. Неғұрлым күрделі жағдайларда мультифокалды линзалар бар, мысалы, көзілдіріктің жоғарғы бөлігі қашықтыққа қарау үшін, ал төменгі бөлігі оқу үшін қолданылады. Дегенмен, мұндай көзілдіріктердің өз кем-кетігі бар. LP2N Photonics зертханасының (Франция) ғалымдары спиралды пішіні бар және бірден үш түрлі көру тарабын қамтитын линзаның жаңа түрін жасай алған. Бұл пішін оптикалық құйын деп аталады, онда жарық иірім су сияқты «айнала бастайды». Объектив цифрмен өңдеудің озық технологиялары арқылы жасалған. Тексерілген құрылым бұрын осы мақсат үшін пайдаланылған күрделі оптикалық жүйелерді пайдаланбай, өріс тереңдігі жоғары мультифокальды құрылғыларды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, аралас шындық саласында дисплей жүйелері көрсетілетін объектілерге дейінгі қашықтыққа бейімделуі керек. Бұрынғы тәсілдер динамикалық бейімделу жүйелерін енгізуге бағытталған, нәтижесінде құрылғының күрделі конструкциялары жасалады. Бұл қымбатқа түсетін технология еді. Ал өріс тереңдігі өте үлкен спиралды линза пассивті, арзан келеді. Бұл тараптағы тәжірибеге қатысушылар суретті немесе қандай да бір затты түрлі қашықтықтан және түрлі жарықта анық көрінетінін атап өтті.

Слева: результирующая разность оптических траекторий. Справа: примеры спиралевидных линз. / © Laurent Galinier

(a) Традиционная астигматическая линза с несколькими фокальными областями имеет дефекты разрешения и анизотропии. (b) Спиралевидная линза имеет три фокальные точки и дает более четкое изображение в фокусных областях. / © Laurent Galinier

Әдеттегі және спиралды линзалардың айырмашылы

Ұқсас материалдар:

«Дәрі жеткізетін контактілі линза жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dari-jetkizetin-kontaktili-linza-jasaldy-16530/#gsc.tab=0);

«Көзді ашып-жұму арқылы алысты жақындататын немесе жақынды алыстататын линза жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kozdi-ashyp-jumu-arqyly-alysty-jaqyndatatyn-nemese-jaqyndy-alystatatyn-linza-jasaldy-13972/#gsc.tab=0);

«Линзаға орнатылатын дисплей жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/linzaga-ornatylatyn-displei-jasaldy-video-13084/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат