Кереңдікті емдеуге арналған ген жасалды
Кереңдікті емдеуге арналған ген жасалды
4 жыл бұрын 4929 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдік ғалымдар саңырау әрі құлағының мүкісі бар жандарға, дәлірегі, есту қабілеті жоғалған немесе төмендеген әлемдегі 500 млн-дай адамға көмектесетін кереңідікті емдеудің тың тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тел-Абиб университетінің ғалымдары құлақтың ішіндегі жасушаларға генетикалық матерталды жеткізуге негізделген кереңдікті емдеудің инновациялық әдісін ұсынып отыр. Генетикалық материал ақау шалға тұсты алмастырып, жасушалардың одан ары қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Аталмыш емдеу тәсілі, әсіресе, туабітті саңырау немесе жүре келе мутацияға ұшырап, есту қабілеті төмендеген балаларға тиімді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, күллі әлемде 500 млн-дай адам құлақ ауруларынан зардап шегеді. Таяу он жыл ішінде мұндай науқастардың қарасы екі есеге артатынын да алға тартып отыр. Әлемде әрбір екі жүзінші бала саңырау немесе құлағында мүкісі бар болып дүниеге келеді екен. Олардың жартысындағы кереңдік генетикалық мутацияға байланысты пайда болады. Ғалымдар бұл зерттеуде SYNE4 геніндегі мутациядан пайда болатын генетикалық кереңдікті зерделенін алға тартып отыр. Құлақтың ішкі қуысындағы дыбыс толқынының рецепторы ретінде қызмет ететін ішкі жасушадағы жасуша ядросын миклокализациялайтын (яғни, тұмшалайтын) мутация жасушаның жойылуына алып келеді. Израилдік ғалымдардың тәсілі осындай ақауды түзетуге арналған.

0 пікір
Мұрағат