Кеңінен тараған вирусты бұғаттау жолы табылды
Кеңінен тараған вирусты бұғаттау жолы табылды
3 ай бұрын 594 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Германия ғалымдары герпес вирусының (түрлі инфекциялық дертке шалдықтыратын қауіпті вирус) негізгі жұғу тетігін бұғаттайтын әдісті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Неміс зерттеушілері альпаканың иммундық жүйесі негізінде жасалған шағын антиденелер gB ақуызын залалсыздандыра алатынын көрсетті. gB ақуызы вирустың жасушаға еніп, көбейуіне жол ашатын ақуыз ретінде белгілі. Неміс ғалымдары әзірлеген нанодененің оның құрылымын өзгертуге кедергі келтіретінін дәлелдеді. Бұл әдіс инфекция процесін толығымен тоқтатады. Бұл тәсіл өте аз мөлшерде де тиімді болып шықты және вирустың екі түріне де қарсы жұмыс істейді - HSV-1 және HSV-2. Тек инфекциялық аурулар асқынған кезде ғана қолданылатын дәрілерге қарағанда жаңа антиденелер, мысалы, жаңа туған нәрестелер мен иммунитеті әлсіреген адамдарды қорғау үшін де қолданылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат