Кекештіктің гені табылды
Кекештіктің гені табылды
3 жыл бұрын 2704 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Детройттағы Уэйна мемлекеттік университетінің және Вандербильт жоғарғы оқу орнының медициналық орталығының ғалымдары кекештікке жауапты генді адам организмінен тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Human Genetics and Genomics ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уэйна мемлекеттік университетінің ғалымдары бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеуге осындай кемістікке ұшараған 1,8 мыңнан аса адамды тартқан екен. Олардың арасында үш ұрпаұ ауысса да осынау тіл мүкістігінен құтыла алмаған 250-ден аса отбасы да болған еді. Деректер сараптамасы, дәлірегі, анализі кекештік генін табуға көмектескен. Дегенмен ғалымдар аталған генді табуға мәліметтердің мол базасы қажет екенін алға тартқан. Міне, осы тұста Вандербильт университетінің биологтері көмекке келген. Олар BioVU генетикалық ақпарат қоймасын ұсынған. Он мыңдаған ДНҚ үлгілері сүзгіден өткізілген екен. Кекештік медициналық құжаттарды сирек кездескендіктен ғалымдар бұл олқылықтың орнын толтыру үшін кекештік көрініс табатын ауруларға назар аударған. Мәселен, жете көңіл бөлінбегенде пайда болатын синдром, гипербелсенділік, аутоиммундық реакция, кейбір инфекциялық аурулар. Нейрожелі еуропалықтарда кездесетін CYRIA генінің жанындағы rs12613255 генетикалық нұсқаны және африкалықтардағы ZMAT4 генінің мутациясын анықтаған екен. Олар кекештіктің даму қатерімен байланысты болып шықты. Сондай-ақ жыныстық гормондардың өндірілуін реттейтін гендер және бұрын аутизммен байланысты ген осы аурумен байланысты болғаны анықталды.

0 пікір
Мұрағат