Кей аурулардың белгілі бір уақытта қозатыны несі – зерттеу
Кей аурулардың белгілі бір уақытта қозатыны несі – зерттеу
3 жыл бұрын 2410 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тәуліктің кей мезгілдерінде кейбір аурулар қозады, әсіресе, түнге қарай. Күндіз білінбеген аурулар қараңғы бата өршіп, жанға батады. Мұның сыры неде? Бұл жайында islam.kz порталы doctor.rambler ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, тәуліктің кей мезгілдерінде организм немесе ағза сезімтал келеді. Бұл циркадты циклмен немесе биологиялық ырғақпен байланысты – кей гормондар белсенділікке көшіп, кейбіреуі керісінше белсенділіген айырылады. Осы уақыт аралығында организмдегі дерт сыр беруі мүмкін. Мәселен, инсульт, инфаркт және өзге де жүрек-қан тамыр аурулары таңғы уақытта «қағынып» кетеді, дәлірегі, сағат таңғы төрттен алтыға дейін – бұл аралықта адам қаны қоюланып кетеді, тіпті, ишемия секілді жүрке ауруларына ұрындырып, гипертоникалық дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. Білікті мамандар түн жарымында майлы асты тұтынбауға кеіес береді – холецистит, яғни, өт жолы қабынады. Бұл өттің улы заттарды бөлу жүйесінің белсенді әрекетке көшіп, бауырдың белсенді жұмыс істеуімен байланысты. 

0 пікір
Мұрағат