Кей адам өлген соң мәйіті ысып кетеді...
Кей адам өлген соң мәйіті ысып кетеді...
4 жыл бұрын 18316 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғылымға әлі белгісіз құпия құбылыстардың біріне жататын бұл феномен туралы ғалымдар өз білгенімен бөлісті. Өздеріңіз білесіздер, адамдардың денесі өлген соң суып кетеді, алайда, кей адамдардың мәйіті керісінше яақ астынан ысып кетеді. Патологоантамдардың басын қатырған мұндай жағдай сирек болса да кездеседі. Бұл жайында islam.kz порталы осынау сыры көп зерттеу материалы жарияланған American Journal of Forensic Medicine and Pathology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Бірде Чехияның емханасында 69 жастағы ер адам жүрек ауруынан көз жұмды. Арада бір сағат өткен соң медбике оның мәйітін сою үшін зертханаға апарар кезде мүрденің қытта ысып кеткенін байқайды. Дәрігерді қайта шақыруына тура келеді – оның өлгенін растау үшін (ер адам шын мәнінде бақилық болып кеткен). Дүниеден өткеніне 1,5 (бір жарым) сағат өтсе де мәйіттің температурасы 40oC-ты көрсеткен өлшеген кезде. Өлер алдындағы температурасы 35 градус болғанына қарамастан. Ысып кетуіне байланысты мәйіт тез бүліне ме деген қауіппен мұздың көмегімен ысып кеткен мүрдені салқындатуға күш салады. Виктор Виед есімді патологоанатомның айтуынша, өлгеннен кейінгі гипертермия — құжатталғанымен (қағазға түсіріліп расталғанымен) толық зерттелмеген құбылыс.

Тірі организмдегі жылу ішкен-еген асты қорыту кезінде, яғни, ішке барған асты ыдырату кезінде бөлінетін жылу энергиясынан пайда болады. Ал организм өлген соң оның метаблоистік (зат алмасу) процесі тоқтайды да мәйіт тез суиды. Мұндай температуралық айырмашылықты сот сарапшылары мен патологоанатомамдар пациенттің дәл өлген уақытын анықтау үшін пайдаланады. Алайда, адамның өлген уақыты мен мәйіт температурасының арақатынасы ұдайы бірдей келе бермейді. 1839 жылы Джон Дэйви есімді дәрігер Мальтада жер жастанған британдық сарбаздардың мәйіттерінен жоғары температураны байқаған, тіпті, кей мәйіттердің метпературасы 46oC-қа дейін жеткен, дәрігер мұны климаттың ерекшелігінен шығар, деп «жылы жауып» қоя салады. Бұдан бөлек, талай мәйіттің ысып кеткені туралы құжатпен расталғаны туралы деректер кездеседі. 

Өлімнен кейін гендердің экспрессиясы мен микробиомды зерттейтін Алабама штаты университетінің микробиологы Питер Ноблдың айтуынша, адам десінің температурасына киімнен (киімнің қалыңдығы мен киімнің құрамы, яғни, синтетикалық материал немесе қойдың жүнінен тоқылған, т.б.) бастап, қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдылығына дейін, тіпті, мәйіттің май қатпарының қалыңдығына дейін көптеген факторлар өз әсерін тигізеді. Дәрігерлер өлім уақытын анықтау үшін мәйіттің шіру деңгейін, бұлшық еттің босаңсуын, жәндіктердің үймелеуіне дейінгі факторлардың бірін де назардан тыс қалдырмайды. Мәйіттің ысып кетуі себебін, тіпті, жорамалдап болса да айта алмайды. Тіпті, гипотезасы да жоқ бұл феноменнің. Питер Ноблдың пайымдауынша, кей жағдайда адам қара күшті қажет ететін жұмысты істеп жүріп, организмге түскен ауыр салмақтан өліп кеткен жағдайда қанның ысуынан мәйітте көпке дейін жылу сақталуы мүмкін. Бұдан бөлек, қан айдайтын дәрі-дәрмектің де әсері болуы мүмкін.

Симбонт бактериялар (симбиозға ұатысушы бактерия. (Симбиоз; грек, symbiosis — селбесу бірге тұрушылық) — әр түрлі екі немесе бірнеше организмдердің тұрақты бірге тіршілік етуі), мәселен, ішек бактериялары адам өлгенімен қорытылмаған тамақты ыдырата береді, осылайша аздаған жылу тудырады. Сондай-ақ, организм жасушалары да өлген адаммен бірге бір мезетте жойылып кетпейді, жүректің соғуы мен ми қызметі тоқтағанымен ішкі ағзалар ресурсында тіршілігін белгілі бір уақытқа дейін жалғастыра береді, бұл да жылудың сақталуына септігін тигізеді. 

0 пікір
Мұрағат