Каучук өндірісі: АҚШ ғалымдары қазақстандық бақбақ баламасын ұсынып отыр
Каучук өндірісі: АҚШ ғалымдары қазақстандық бақбақ баламасын ұсынып отыр
4 жыл бұрын 3813

Каучук – бұл баршамызға керек ғажайып материал, бірақ, ол сарқылып барады.

Қазақстанның оңтүстігінде өсетін Taraxacum kok-saghyz бақбағы каучук ағашының баламасы бола алады, деп хабарлайды DalaInform.

Би-би-си жарияланымына сәйкес алда келе жатқан дағдарыстың алдын алуға бағытталған салалық серіктестіктің, (PENRA) табиғи каучук баламалары саласында озық тәжірибе бағдарламасының бір бөлігі саналатын Огайо штаты университеті (OSU) каучук ағашын алмастыра алатын өсімдіктерді зерттейді.

Зерттеліп жатқан өсімдіктердің бірі Taraxacum kok-saghyz бақбағы саналады. Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде азиялық каучук жеткізіліміне қауіп төнгенде Қазақстанда өсірілген кішкентай арамшөп өсімдік. Бұған қоса, АҚШ онымен шұғыл әзірленетін каучук мәдениеті ретінде эксперимент жасаған.

Қазақстандық бақбақ өнімділігі жер акріне шаққанда каучук ағашы өнімділігіне қарағанда 10 есе төмен. Бірақ, оның басымдығы, оның өнімін үш айдан кейін жинап алуға болады және одан тұқым көп түседі. Бұл оларды жеңіл қайта егуге және өндірісті арттыруға мүмкіндік береді. Одан каучук тамырларды ұсату мен қысу жолымен алынады. Және ол химиялық жағынан табиғи каучукке ұқсас болғанымен, онда латекске аллергия тудыратын ақуыздар жоқ.

Өткен жылы немістердің Фраунгофер атындағы Силикаттар зерттеу институты (ISC) (Fraunhofer ISC ғылыми-зерттеу институты) Biskya деп аталатын шинаны таныстырды. Оның неміс тілінен аудармасы «биомиметикалық синтетикалық каучук» дегенді білдіреді. Бақбақ резеңкесінен жасалған шиналар қарапайым резеңкеге қарағанда берік болып келеді.

Огайо штаты университетінің биоэнергетикалық материалдар профессоры Катрина Корниш пен оның әріптестері бақбақ сұрыптары мен оны өсіру технологияларын әзірлейді. Оның ішінде гидропоника мен вертикалды фермаларда өсіріледі. Бұл бақбақ резеңкені коммерциялық шындыққа айналдыруға көмектесу үшін қажет. Олардың жүйесі бойынша шырынға толы бақбақ тамырларын жылына бес рет жинауға болады.

«Караван» газетінің жариялаған материалға сәйкес Қазақстанда бақбақ өсірумен «Көк-сағыз ТМ» ЖШС айналысады. Олардың каучуктеріне ірі халықаралық корпорациялар қызығушылық танытып отыр. Атап айтсақ, бүкіл әлемге танымал сағыз шығаратын америкалық Wrigley, шиналар жасайтын италиялық және шведтік Pirelli мен Trelleborg, бұған қоса, олар LEGO ойыншықтары мен велосипедтерден бастап ауыл шаруашылығы техникасы мен ұшақтарға дейін жүретін нәрсенің бәрінде өз резеңкесін пайдаланады.

Қазақстандық бақбақтан (көк сағыздан) каучук, фруктоза, латекс, инулин мен шіритін биопластик те өндіруге болады. Ал күнжараны биоотын үшін негіз ретінде пайдалануға болады.

Екінші балама

Бұнымен бірге әлем ғалымдарын АҚШ пен Мексика шекарасындағы шөлде өсетін гуайоле  – ағаш бұтасы қызықтырып отыр. Бұтаның алғашқы өнімін өндіруге екі жыл кетеді. Бірақ, бұдан кейін оның жоғары бұтақтарын кесіп, қайта егуге болады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде солай істеген. Дегенмен соғыс аяқталған соң осы бағдарламадан бас тартты. Өйткені, арзан азиялық каучук нарыққа оралды.

Сұраныс неге артып жатыр?

Негізінде, климаттың өзгеруі, капитализм мен каучук ағашының аурулары каучук индустриясына қауіп төндіріп отыр. Ағаштан каучук өндіру өте күрделі процесс саналады. Оған әдетте мигранттар жұмылдырылады. Ал шекаралардың жабылуынан каучук фермалары мен плантацияларында жұмыс күші жетіспейді. Жұмысшылар сүтті-ақ сусынды алып, күнге кептіру үшін ағаштардың қабығын ұқыптап алады.

Дегенмен6 бұл ретте пандемия бүкіл әлем бойынша автомобиль сатылымының өсіміне әкелді. Ал оларға шиналар керек. Сондай-ақ, медицинада ғана емес, тұрмыста да жеке қорғаныс құралы ретінде латекс «перчаткиге» сұраныс артты.

Қазір нарықта жағдай келесідей : каучукке сұраныс ұсыныстан артық. Негізінде, каучук ғаламдық маңызды тауар саналады. Ол, тіпті, ЕО-ның аса маңызды шикізат материалдары тізіміне еніп отыр.

Табиғи каучуктің әлемдік жеткізілімдері – жылына шамамен 20 миллион тонна – оларды Таиланд, Индонезия, Қытай мен батыс Африкадағы тропикалық ормандарда шағын ғана жер учаскелерін өңдейтін ұсақ шаруалар толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл фермерлер табиғи каучуктің әлемдік қорының 85% қамтамасыз етуде.

Каучук бағасы оның өндірісінің құнын қатты ақтамайды. Фермерлерге майлы ағаштар, мысалы, пальма өсіру әлдеақайда тиімді.

Синтетикалық каучук мұнайхимия өнімдерінен өндіріле алса да, табиғи каучук бірегей қасиеттерге ие. Олармен тіпті синтетикалық материалды салыстыруға келмейді. Табиғи латекстен жасалған «перчатки» нитрилден жасалғанға қарағанда төзімдірек.

Авиациялық шиналарда қону кезіндегі үйкеліс салдарынан пайда болатын жылуға төзімді әрі өте икемді табиғи каучук пайдаланылады.

Экология

2011 жылы Қытайда сұраныстың артуынан туындаған бағалардың күрт өсуі Оңтүстік-Шығыс Азияның жаппай ормансыздануына әкелді. Өйткені, үкіметтер орман жерлерін каучук плантацияларды дамыту үшін босатты. Кабмоджаның өзінде ғана каучук плантацияларға бүкіл кесілген ормандардың төрттен бірі тиесілі. Дегенмен, бұл ағаштар өндіріске дайын болу үшін әлі көп уақыт кетеді. Өсіру процесі жеті жылды алады. Бұл экологтардың наразылығын тудырып отыр. Олар осы үрдіс салдарынан ағаштардың көптеген түрі жоғалады деп дабыл қағуда.

Каучук сатып алушылардың көбі, оның ішінде Bridgestone, Continental мен Goodyear сияқты ірі сатып алушылар экологиялық таза, табиғи каучук бойынша ғаламдық платформада құжатқа қол қойды. Ол жақында кесілген жерлерде өсірілген каучукті сатып алуға тыйым салады. Қазір каучукке бекітілген төмен баға енгізу бойынша науқан жүріп жатыр. Бұл кофе мен какаоның әділ саудасы схемалары секілді дамушы елдерде ұсақ шаруаларға күнкөріске ақшу табуға кепілдік беріп, каучуктің одан да сенімді жеткізілімдерін қамтамасыз етуге көмектесер еді.

0 пікір
Мұрағат