Кәрілікке бастайтын екі негізгі жат әдет аталды
Кәрілікке бастайтын екі негізгі жат әдет аталды
4 жыл бұрын 9566 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Мартин Халле есімді кардиолог организмнің қартаю процесінің жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей тәуелді екенін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәрігер адам организіміне кері әсерін тигізетін қартаюдың жеті факторын атады. Бұл факторлардың басында семіздік тұр – қан тамырларының ішкі қабрығасын зақымдайды. Сонымен қатар, қан тамырларының қабырғасына жиналып, қатайып қалатын холестериннің де зияны шаш етектен болып шықты. Тағы бір фактор – қант. Ол қан тамырларының қорғаныс қабатын бұзып, жасушалардың еріп кетуіне түрткі болады әрі қан қысымымен ұштасқанда қан тамырлары қабырғасының бүліну қатерін арттырады. Бұлардан бөлек, шылым шегу әдеті де кәрілікке бастайтын негізгі факторалардың қатарында тұр – қан тамырларына тап болған никотин қан тамырлары қабырғасын бұзып, жасушалардың өлтіреді, нәтижесінде тыртық пен тесік қалыптасады, ал артық салмаққа ие адам темекі тартса, оның организімі созылмалы қабыну процесіне ұшырайды.

0 пікір
Мұрағат