Кариес тудыратын суперорганизм тістен тіске секіруді үйренді (фото)
Кариес тудыратын суперорганизм тістен тіске секіруді үйренді (фото)
2 жыл бұрын 1357 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пенсильвания университетінің ғалымдары балаларға тістерін тазалаудың қаншалықты маңызды екенін растайын бұлтартпас жаңа дәлел тапты. Бұл жайында islam.kz порталы penntoday.upenn.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Асқынған кариесі бар балалардың сілекей үлгілерін зерттеу барысында ғалымдар Streptococcus mutans бактериялары мен Candida albicans саңырауқұлақтарының қосындысы болып табылатын жаңа суперорганизмді тапты. Суперорганизм Streptococcus mutans бактериясы мен Candida albicans саңырауқұлағы бір-бірін толықтырып, қабілеті жоғары тіс жегісіне айналған. Саңырауқұлақ жіптері айналасында бактериялар колониясы өсетін тірек түрін құрайды. Оларды жасушадан тыс полимер біріктіреді - бұл өте мықты және жабысқақ зат, оның арқасында суперорганизм тістерге сенімді бекиді. Ең қызығы ғалымдар зертханада осындай кластерді арнайы өсіруге шешім қабылдағанда және камераның көмегімен оны нақты уақыт режимінде бақылағанда анықталды. Бактериялардың да, саңырауқұлақтардың да қозғалу қабілеті жоқ, алайда, олар біріксе, кеңістікте қозғалу қабілетіне ие болады. Суперорганизм тістің жаңа аймақтарына жабысатын саңырауқұлақ жіптерін түзеді, содан кейін олар сағатына 40 микрон жылдамдықпен сонымен қозғалады. Тісте қоректік заттар қалмаған кезде жіптерді көрші тіске жету үшін 100 микронға созуы мүмкін, осылайша осынау бірегей гибрид сол арқылы қозғалады. Қозғалыс қашықтығының суперорганизмнің өлшеміне қатысты қатынасы таңқаларлық - ол бақаның секіруінен төрт есе артық. Бұл тіршілік иесіне ауыздағы барлық тістерді шапшаң және тиімді түрде колонизациялауға (бағындыруға, отарлауға, жайлауға) мүмкіндік береді. Оның метаболизмі кариестің тез таралуына ықпал етеді.

Бактериальный конгломерат

0 пікір
Мұрағат