Капсуладағы тағам ашқұрсақ өмірден құтқаруы мүмкін
Капсуладағы тағам ашқұрсақ өмірден құтқаруы мүмкін
5 жыл бұрын 2793 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Массачусет технологиялық институтының ғалымдары адамзатты ашқұрсақ жүруден құтқаруға септігін тигізетін жобаны қолға алды. Ол үшін аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары биосыйымдылығы жоғары полимерде қоректік заттарды капсулдау тәсілін ұсынып отыр. Бұл әдіс дәрумендер мен минералдарға бай азық-түлік түрлерін күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік бермек. Сөз орайы келгенде айта кету керек, күллі әлемде 2 млрд-қа тарта адам негізгі дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілінен зардап шегеді. Нақтырақ айтқанда, бұл арада сөз темір, А дәрумені, т.б. турасында болып отыр. Осының кесірінен, яғни, адам ағзасына ең қажетті микроэлементтердің жетіспеушілінген жыл сайын әлем бойынша екі млн-ға жуық бала көктей солады екен. Аталған дәрумендер мен микроэлементтер тапшылығын тартқан адамдардың анемия, соқырлық, психикалық ауруларға шалдығып жатады.

0 пікір
Мұрағат