Канада ғалымдары «теріс немесе кері уақытты» тапты
Канада ғалымдары «теріс немесе кері уақытты» тапты
Кеше 333 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Торонто университетінің ғалымдары адамның уақытты түйсіну арқылы бағалайтын танымына күмәнмен ұарауға итермелейтін құбылысты байқады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде зерттеу материалы жарияланған arXiv платформасына жөн сілтеген Planet Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізген канадалық ғалымдар ерекше құбылысты, дәлірегі, процесс басталмай жатып аяқталатын «кері уақыт» деп аталатын эффектіні қадағалаған екен. Бұл – кванттық күй (құбылыс). Бұрын да физиктер айрықша эффектіге куә болған еді: материалдан өтуі тиіс жарық оның ішіне енбей жатып, тастап шығатындай көрінген еді. Десе де мұны материямен өзара әрекеттескен жарық толқыны тудыратын оптикалық иллюзиямен байланыстырған еді. Таяуда бұл тарапта жүргізілген зерттеу кванттық өзара әрекеттесуді терең зерделеді. Ғалымдар атомдарды лазерлік сәулемен бақылай келе энрегия фотондарын қалай сіңіретінін әрі қалай қозатынын бақылады. Талдау нәтижесі көрсеткендей, кейде осы процеспен байланысты уақыт аралығы кері мәнге ие болаады. Бір қарағанда, сенсациялық жаңалық сияқты көрінгенімен бұл арада уақытқа саяхаттау туралы сөз болып отырмағанын айта кету керек. Бұл эффект кванттық механикамен байланысты – фотон секілді бөлшектер физикалық заңдылықтарға бағына бермейді. «Біздің бақылағанымыз арнайы салыстыру теориясын қоса алғанда, іргелі теориялардың ешқайсысына  күмәнмен қарауға негіз бола алмайды. Бұл кванттық деңгейдегі өзара іс-қимылдың өзгешелігін ғана көрсетеді», - деп атап өтті зерттеушілер. Дегенмен, аталмыш жаңалық ғылыми қауымдастықты дүрліктіргені рас. Сәбина Хоссенфелдер есімді неміс физигі бұл құбылыстың немесе эффектінің уақытпен еш байланысын жоғаны айта келе тек фотондар қозғалымының ерекешлігін ғана сипаттайтынын алға тартып отыр. Алайда, канадалық ғалымдар өздері байқаған бұл эффектінің адамзатты жарық табиғатын терең түсінуге бастайтынына сенімді.

0 пікір
Мұрағат