Жылу энергиясын түнде өндірудің әдісі табылды
Жылу энергиясын түнде өндірудің әдісі табылды
3 жыл бұрын 1391 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Patrick Tomasso / Unsplash

Австралиялық ғалымдар түнде жердің жылуын пайдалана отырып, энергия өндіруге кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған ACS Photonics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түнгі мезгілде энергия өндіру үшін инженерлер түнде көру құралында қолданылатын технологияны – терморадициациялық процесті пайдаланған. Бұл арада күндіз, яғни, күн жарықта жиналған жердегі жылуды пайдалау технологиясы турасында сөз болып отыр. «Кез келген материалдағы атомдарды жылумен дірілдету арқылы сіз олардың электрондарының инфрақызыл жарық түріндегі электромагниттік сәулеленудің төмен энергиялы толқындарын тудырасыз», деп түсіндірлі аталмыш зерттеуге атсалысқан Фиби Пирс есімді ғалым. Инженерлер бұл тарапта фотоэлектрлі детектор негізіндегі құрылғыны пайдаланған – Целсия бойынша 20 градусқа дейін қыздырылған девайс шаршы метріне 2,26 милливатт энергия өндіреді. Осынау зерттеуге үлес қосқан  Нед Екинс-Даукстың  айтуынша, мұндай мөлшердегі энергия тағамм әзірлеу үшін жарықтандыруға да жетпейді. Десе де бұл технология болашақта энергияны жинауда үлкен әлеуетке ие болады, осыған байланысты аккумуляторға деген мұқтаждықты жояды.

0 пікір
Мұрағат