Жүру жылдамдығыңызды 250%-ға арттыратын аяқ киім пайда болды (видео)
Жүру жылдамдығыңызды 250%-ға арттыратын аяқ киім пайда болды (видео)
2 жыл бұрын 2652 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

«Ең шапшаң аяқ киім» атағына ие болған ерекше аяқ киім адамның жүру жылдамдығын 250 пайызға арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы -freethink-com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, бағасы да затына сай қымбат – 1400 доллар. Жүріп келе жатқан сіз емес, аяқ киім сізді алға сүйрейтіней сезім тудыратын өзгеше аяқ киім Питсбургтік Shift Robotics стартапының арқасында осылайша қадам жасау үшін артық энергия жұмсамайсыз. Дегенмен, бұл аяқ киімге бой үйрету, дағдыланудың өзі біршама уақыт алмақ. Сүйінжі Жан есімді инженер-механик жұмысқа скутермен баратын, алайда, ол жолда апатқа ұшырай жаздағаннан кейін көп күш жұмсамай немесе қауіп-қатерге ұшыратпай діттеген жерге қалай тезірек жетуге мүмкіндік беретін амал ойластыра келе осындай инновациялық аяқ киім әзірлеген. Карнеги Меллон атындағы робототехника институтын бітіргеннен кейін ол инженерлер, робот жасаушылар және кроссовка дизайнерлері командасымен бірге Shift Robotics компаниясын құрды және олар бірігіп, адамның жүру жылдамдығын арттыратын, дәлірегі, аяқ киім мен моторлы коньки құрылымы мен функциясын ұштастыратын Moonwalkers жобасын қолға алды. Сонымен айрықша аяқ киім қалай жұмыс істейді: Moonwalkers сіз киіп жүрген кез келген аяқ киімнің табанына бекітуге арналған. Оларды белсендіру үшін өкшеңіздің бірін көтеріп, төмен түсірмес бұрын сәл бұрасыз. Оларды өшіру үшін сол өкшесін көтеріп, қайтадан түсіресіз. Іске қосылған кезде аяқ киімдегі сенсорлар жүрісіңіз туралы деректерді жинайды. Машинаны оқыту алгоритмдері бұл деректерді әр аяқ киімнің төменгі жағындағы сегіз моторлы дөңгелектің айналу жылдамдығын басқару үшін пайдаланады. Бұл аяқ киіммен жүргенде тепе-теңдікті сақтау  үшін күш-жігер жұмсамайсыз: шапшаң жүргіңіз келсе, тез адымдасаңыз, жетіп жатыр, ал жай жүргіңіз келсе, керісінше жүрісіңізді баяулатасыз. Адамдардың орташа жүру жылдамдығы сағатына 3-тен 6 шақырым аралығында – сағатына 4,8 шақырым жылдамдықпен бір шақырымды 20 минутта еңсересіз. Ал Moonwalkers-пен сағатына 11,2 шақырым жылдамдықпен қозғаласыз немесе бір шақырымды жаяу жүруге небәрі 8,6 минут кетеді.

0 пікір
Мұрағат