Жүретін, үстіндегі стақандағы суды төгіп алмай әкеліп беретін үстел құрастырылды (фото+видео конструкция)
|
Гилиам де Карпентиер голландық инженер Carpentopod деп аталатын, адамның тікелей көмегінсіз өздігінен қозғала алатын тарихтағы алғашқы айрықша үстелінің бірегей жобасын ұсынды. Бұл өз иесіне заттарды өз аяғымен әкелетін, ағаштан жасалған кофе немесе журнал үстелі. Бұл жайында islam.порталы decarpentier.nl дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріншіден, ойы ұшқыр, қиялы жүйрік азамат C++ тілінде үстел аяқтарын салудың ең жақсы тәсілдерін таңдаған бағдарлама жазды. Секундына ондаған опциялар арқылы сұрыпталған алгоритмдерден тұратын бағдарлама турасында сөз болып отыр бұл арада. Бірнеше сағат пен 5 000 нұсқадан кейін компьютер қозғалатын механизмді қалай жақсы жобалау керектігін «түсінді». Ерекше үстелдің 12 аяғы бар, олардың әрқайсысы бес бұрышты негізі және үшбұрышты аяғы бар жарты шеңбер түрінде болып келеді. Сырғып кету қаупін мейлінше аз. Алты аяқтың арасында электрониканы, қозғалтқыштарды және батареяны орналастыруға болатын бос орын қалды. Алты аяқтың әрбір жинағы бір қозғалтқышпен басқарылатын өзінің иінді білігіне қосылған. Үстелді басқару және айналдыру үшін барлығы екі бөлек басқарылатын қозғалтқыш қажет болды. Ер адам үстелдің дизайны Autodesk Fusion 360 көмегімен жасалғанын мойындады. Алдымен үстелдің миниатюралық нұсқасы, содан кейін ламинатталған бамбуктан толық өлшемді нұсқасы жасалды. Carpentopod үстелі Bluetooth персоналды сымсыз желіге қосылғандықтан оны ДУ пултімен басқаруға болады. Қожайыны орнынан тұрмай-ақ, үстелді өзіне шақыра алады. Пульт көмегімен. Голландық өнертапқыш азамат 2008 жылы ойына алған жобасын енді ғана жүзеге асыра алғанын жеткізді. Carpentopod үстелі жаппай саудаға шығарылмайды. Десе де қалаған адам оны өзі құрастырып ала алады. Өйткені, оның жобасы мен нұсқауы төмендегі видео мен суреттерде берілген: