Жұқпалы індетті еңсеруге Зәм-зәм суының көмегі көп
Жұқпалы індетті еңсеруге Зәм-зәм суының көмегі көп
5 жыл бұрын 3745 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның SPA деп аталатын мемлекеттік ақпарат агенттігі таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, қасиетті Харам және ан-Науаи мешіттерінің ісі жөніндегі құзырлы орынның бас төрағасы Абдулрахман ас-Судайс Зәм-зәм суын жұқпалы індетке шалдыққан науқастар емделіп жатқан емханаларға жеткізуге пәрмен берді. Мекке имамы мәлімдегендей, бұл шара өз кезегінде пациенттердің ауруынан тез айығып кетуіне әрі оларға моралдық қолдау көрсетуге бағытталған. Осы орайда ғалымдардың бұрын арнайы жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, мынаны айта кеткіміз келеді: Зәм-зәм суының құрамында кальци мен магни тұзы көп. Зәм-зәм суының бұл ерекшелігі бактерияны жоюға көмектеседі. Сондай-ақ, Зәм-зәм суының құрамында темір, марганец, хлорид, сульфат, т.б. секілді химиялық элементтер кездеседі. Сонысымен шипалық қасиеті жоғары.

0 пікір
Мұрағат