Жұқа пленка кез келген заттың бетін күн панеліне айналдырады (видео)
Жұқа пленка кез келген заттың бетін күн панеліне айналдырады (видео)
2 жыл бұрын 1369 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер кез келген заттың бетін таз уақыт ішінде энергия көзіне айналдыра алатын жұқа «матаны» ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массачусет технологиялыұ институтының (MIT) зерттеушілері адам шашынан да жұқа болғанымен кез келген заттың беткі жағын күн панеліне айналдыра алатын материал ойлап тапты. Бұл материал кәдімгі күн панелдерінен 100 есе жеңіл болғанымен  әр келісі 18 есе көп энергия өндіреді. Оларды киетін (немесе тағатын) құрылғыларды зарядтау үшін немесе төтенше жағдайлар орындарына жылдам орналастыру үшін пайдалануға болады. Дәстүрлі кремнилік күн батареялары нәзік, сондықтан олар ауыр, қалың алюминилік жақтауға қапталуы керек. Бұл шығыны мен машақаты көп процесс, екіншіден алюминимен қапталуы байланысты оларды қолдану аясын шектейді. Осыны ескерген инженерлер кез келген заттың беткі жағына орнатуға болатын күн батареяларын жасады. Қажетті құрылымдарды жасау үшін ғалымдар басып шығаруға арналған электронды сия түріндегі наноматериалдарды пайдаланады. Олар күн батареясының құрылымын слот-матрицалық қаптамамен қаптайды. Ол электронды материалдарды қалыңдығы бар-жоғы 3 микрон (0,003 мм) дайындалған алынбалы негіздерге сала алады. Трансферттік басып шығаруды (трансферттік тәсілмен басып шығарылған футболкаларға дизайн қосу әдісіне ұқсас әдіс) пайдаланып, фотоэлемент қалыптастыру үшін құрылымға электрод басылады, Басып шығару аяқталғаннан кейін қалыңдығы 15 микрон болатын дайын фотоэлемент субстраттан бөлініп, кез келген материалға қолданылуы мүмкін. Зерттеушілер өз құрылғыларын бірқатар тәжірибеде сынап көрді. Дайын «фотоэлектрондық мата жеке тұрғанда әр келісі үшін 730 Вт энергия өндіре алады, ал беріктігі жоғары Dyneema матасына орналастырған кезде шамамен 370 Вт энергия өндіре алады, бұл әдеттегі күн панелінен шамамен 18 есе артық. Дайын пленкалар теңізде моторды қуаттандыру үшін қайық желкендеріне біріктірілуі мүмкін, төтенше жағдай кезінде апатты жою операцияларында қолданылатын шатырлар мен брезенттерге бекітіледі немесе ұшу қашықтығын арттыру үшін ұшқышсыз ұшақтардың қанаттарына орнатылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат