Жүйке жасушаларын қалпына келтіру әдісі табылды
Жүйке жасушаларын  қалпына келтіру әдісі табылды
3 жыл бұрын 3134 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Иллиной университетінің ғалымдары Паркинсон секілді аурулар кезінде орын алатын нейродегенеративті дерттен зақымдалатын жүйке жасушаларын қалпына келтірудің тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Medical Express ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай әдіске америкалық ғалымдар жасушаларға пептидтердің әсерін тигізе отырып қол жеткізген. Яғни, жасушаға пептидпен әсер ету арқылы қалпына келтіруге болатынын алға тартып отыр. Бұл тарапта зақымдалғанда адамды сал етіп тастауға дейін апаратын бұлшық еттің құрысуын тудыратын ұзын аксондарды (импульсті тудыратын жүйе ұштары) зерттеу нысанына айналдырған болатын. Ғалымдар жүйе жасушаларына адамның діңгекті жасушаларынан қалыптасқан, пептид деп аталатын амин қышқылдарының ерекше тізбегімен әсер етіп көрген екен. Бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, бұл зат  жүйке жасушаларының құрамдас бөлігі болып табылатын митохондрияның бөлінуін тежей алатын болып шықты, бұдан бөлек, жасушалардың қалпына келуіне ықпал етіп, олардың одан ары зақымдалуының алдын алады. Ғалымдар бұл жаңалықтың маңыздылығына тоқтала келіп, тұқым қуалайтын нейродегенеративті ауытқуларға қарсы күресте жаңа емдеу тәсілін немесе жаңа дәрі жасауға көмектесетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат