Жеміс-жидек пен көкөністі сақтау мерзімін ұзартудың тәсілі табылды
|
Азықтың осынау түрінің жартысы әлем бойынша қоқысқа тасталады әрі дұрыс сақталмаған жеміс-жидек пен көкөніс сапасы төмендеп, қоректік құнарынан айырылады және денсаулыққа пайдасы төмендейді Мұндай ысырапқа жол бермес үшін америкалық ғалымдар жеміс-жидек пен көкөністі сақтау мерзімін ұзартудың жаңа амалын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Райса университетінің (АҚШ) білікті мамандары тез бұзылатын жеміс-жидек пен көкөністі ылғал мен қышқылдан қорғайтын химиялық консерванттар мен балауыздың орнына жұмыртқа ақуызынан арнайы пленка әзірледі. Бұл әдіс жеміс-жидек пен көкөністі сақтаудың өзге әдістеріне қарағанда арзанға түседі әрі экологиялық жағынан зиянсыз. Аталмыш материал банан, авокадо және өзге де жеміс түрлерін сақтау мерзімін екі есеге ұзартады. Осылайша жеміс-жидек пен көкөніс ысырапшылдығын екі есеге азайтудың амалы табылды. Бұдан бөлек, бұл технология жеміс-жидек пен көкөністі ғана емес, сонымен қатар, ет пен балық секілді азық түрлерін де сақтауға қолдануға болады.