Жекелеген молекуланың салмағын өлшейтін тәсіл табылды
Жекелеген молекуланың салмағын өлшейтін тәсіл табылды
4 жыл бұрын 1874 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Масс-спектрометрия жекелеген молекуланың салмағын өлшей алады. Бұл жайында Nature Methods мерзімді басылымында жарияланған нидерландтық физиктердің бұл бағыттағы зерттеу мақаласында айтылған.Утрехт университетінің профессоры Тобиас Вернер бастаған физиктер нақты бір бөлшектің салмағын анықтауға мүмкіндік беретін технологияны – бір бөлшекті масс-спектрометрияны ойлап тапты. Аталмыш жүйенің негізінде орбитрап жатыр. Орбитрап маңайында ион айналып жүретін электрод негізінде зарядты детектірлейді (лат. detectio – ашу, табу). Орбитрап әдетте бөлшектердің көбісі бірден өзіне тап болғанда көп бөлшекті өлшемдер үшін пайдаланылады. Орбитраптың жаңа түрінің арқасында физиктер бірнеше минуттың ішінде мыңдаған молекуланы жеке-жеке зерделеуге мүмкіндік алды. Орбитрап детектірлейтін сигнал бірден екі көрсеткішке ие: амплитуда ион зарядымен байланысты, ал жиілік ион массасының зарядқа қатынасын анықтайды. Осыдан кейін сигнал компьютерге жөнелтіледі. Ал компьютер өз кезегінде шифрді молекула туралы дайын мәліметке айналдырады. Аталмыш технологияның арқасында физиктер макромолекулярлы қосындылардың жаңа түрлерін зерделеп қоймай, сонымен қатар, түрлі комплекстерді (вирус, ақуыз, рибосом, антитела, т.б.) талдауға мүмкіндік алады.

0 пікір
Мұрағат