“Жасыл” энергия алуға мүмкіндік беретін, “өздігінен жылжитын мұз” технологиясы пайда болды (видео)
“Жасыл” энергия алуға мүмкіндік беретін, “өздігінен жылжитын мұз” технологиясы пайда болды (видео)
3 ай бұрын 736 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Вирджиния политехникалық университетінің (Америка құрама штаттарының) ғалымдары «өздігінен жылжитын мұз» технологиясын ойлап тапты, дәлірегі, мұз дискілерін сырттан әсер етпей арнайы алюминий пластиналарда жылжытудың жолын тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Applied Materials & Interfaces мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арыдан орғатсақ, Калифорния аумағындағы әлемге әйгілі Өлім алқабында кездесетін «қалықтаған тастар» - сирек кездесетін табиғи құбылыс. Бұл әсер түнгі суықта жаңбырдан кейін пайда болатын жұқа мұз пластиналарымен байланысты қалыптасады: мұз ерігенде, тіпті, самал желдің өзі ауыр тастарды орнын қозғай алады. Бұл құбылысты, яғни, желсіз кезде де өздігінен жылжытатын эффектіні зертханада қалыптастыру үшін ғалымдар «шырша» түрінде  микроскопиялық V-тәрізді жыралары бар алюминий пластиналарды құрастырды. Мұндай бедер судың кері тогына кедергі келтіреді және мұзды жылжытатын күш қалыптастыра отырып, оның қозғалысын белгілі бір жаққа бағыттайды. Біз сөз етіп отырған бірегей технология қатты суықта қатып қалған қандай да бір затты энергия жұмсамай, химиялы реагенттерді қолданбай орнынан қозғауға мүмкіндік береді, екіншіден, таза энергия өндіруге көмектеседі. Авиация, энергетика және көлік салаларында пайдасы ұшан-теңіз технология ретінде алға шығады.

 

0 пікір
Мұрағат