Жасушаның жаңа қорғаныс тетігі ашылды
Жасушаның жаңа қорғаныс тетігі ашылды
2 жыл бұрын 1129 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Akram Huseyn / Unsplash

Жапониядағы Кейо және Цукуба университеттерінің ғалымдары жасушаны қорғаудың жаңа тетігін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Redox Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасушаның ішінде көптеген процестер жүретіні белгілі, нәтижесінде әртүрлі жанама өнімдер түзіледі. Олардың кейбіреулері жинақталған кезде жасушаға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай молекулалардың бір түрі - күкірттің реактивті түрі (reactive sulfur species, RSS), егер жинақталса, тотығу стресіне әкелуі мүмкін. Бұл тарапта күншығыс елінің ғалымдары жасушалардың артық RSS-ден қалай құтылатынын зерттеді. Ол үшін арнайы модификацияланған тышқандар пайдаланылды, RSS-ті жасуша қажетінен көбірек шығаратын кеміргіштер көмегімен арнайы тәжірибе жүргізілген екен. RSS деңгейі жасушалардың ішінде емес, жасушадан тыс кеңістікте жоғарылағаны анықталды, бұл жайт өз кезегінде RSS клиренсінің тетігінің бар екенін көрсетеді. Аталған тетікте SLC7A11 тасымалдаушы ақуызы маңызды рөл ойнайды, ол құрамында күкірті бар аминқышқылды цистинді жасушаға жеткізіп, глутамат пен RSS-ті жасушадан шығарады. RSS көп жинақталса, жасуша жойылуы мүмкін. Сонымен қатар, ғалымдар жүректің әртүрлі ауруларына (кардиомиопатия) және бұлшық етке (бұлшықет дистрофиясы) RSS-тың қатысы бар, деп есептейді. RSS шамадан тыс көп болуынан жасушалық қорғаныстың қалай жұмыс істейтінін анықтау өз кезегінде аталған ауруларға қарсы дәрі жасауға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат