Жасушаның ақуыздан сауыты бар болып шықты – антибиотикке төзімділікті еңсеру үшін оны бұзудың жолдары қарастырылады
Жасушаның ақуыздан сауыты бар болып шықты – антибиотикке төзімділікті еңсеру үшін оны бұзудың жолдары қарастырылады
3 жыл бұрын 2784 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жасушалардың ақуыздан «сауыты» болатынын анықтады.  Ол антибиотикке ішке енуіне кедергі келтіреді. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбританиядағы  Newcastle University жоғарғы оқу орнының ғалымдары бактерияны молекулалардан және антибиотиктен қорғайтын жасуша сауытын зерделеген екен. Аталмыш сауыт - S-қабаты  клостридияны (Clostridium perfringens - бұл тағамдық улануды тудыратын бактериялар. Clostridium perfringens бактерияларын жануарлар мен адамның ішек трактілерінен, сондай-ақ ағынды сулардан, сондай-ақ нәжіспен ластанған шаң мен топырақтан табуға болады. Clostridium perfringens - бұл анаэробты бактериялар, яғни ол тек оттегі аз немесе жоқ жерлерде өседі дегенді білдіреді. - kk.hiloved.com дерек көзінен) ақуыз ферментінен қорғайды. Ғалымдар бұл тарапта бактерияның жұмыс істеу ерекшелігін Clostridioides difficile (ішек микрофлорасының кеңінен тараған өкілі. Ол Clostridium perfringens бактериясына ұқсас келеді) негізінде анықтап көрмек болған екен. Егер «жергілікті» микробиоттың деградациясы орын алса, мысалы, антибиотиктерді белсенді қолданғанда тік ішектің қабынуы басталуы мүмкін, өйткені, бактерияның антибиотикке ішінара төзімділігі болады. Мұндай сауыт өзге бактерияларда да кездеседі, алайда, клостридияда S-қабаты беріктігімен (қалыңдығымен) айрықшаланады. Олардың арасындағы алшақтық диаметрі он ангстромға жетеді. Салыстыру үшін алсақ, басқа бактерияларда 30-дан 100-ге дейін ангстром болады. Бұл саңылаулардан молекулалардың аз ғана тобы сығылысып өте алады.

0 пікір
Мұрағат