Жасушаны стрестен құтқаратын фермент табылды
Жасушаны стрестен құтқаратын фермент табылды
2 жыл бұрын 1384 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Fic гені жоқ жануарлар (оң жақта) сауығудан кейін ұйқы безінде тыртықтардың пайда болуы ықтимал. Сурет: UT Southwestern Medical Center

Ғалымдар стрестік факторларға жауапты (тойтарыс беретін) молекуланы тапты. Аталмыш жаңалық өз кезегінде көптеген, соның ішінде тұқым қуалайтын ауруларға дауа болатын ем түрін әзірлеуге көмектесуі мүмкін. Дәлірегі, Техастың Оңтүстік-Батыс университетінің зерттеушілері Fic ферменті жасушалардың стреске қалай жауап беретінін бақылайтын термостат сияқты әрекет ететінін көрсетті. Ғалымдар бұл жаңалық қатерлі ісік, метаболикалық синдром және нейродегенеративті ауытқулар сияқты бақылауға келмейтін жасушалық стреспен сипатталатын ауруларды емдеудің жаңа әдістерін жасауға көмектеседі, деп санайды. Сонау 2018 жылы зерттеушілер жарықтан үнемі көзіне зақым келетін шыбындардың Fic генін алып тастаса, зақымданудан орны толмайтын зиян шегетінін көрсетті. Дегенмен, бұл ферменттің сүтқоректілердегі рөлі әлі күнге дейін анық емес. Бұл сауалға жауап табу үшін зерттеушілер Fic ферментінің өндірісіне жауапты генді бұғаттау арқылы тәжірибедегі тышқандардың геномын өзгертіп көрді. Алғашқы кезеңде гені өңделген тышқандардың кәдімгі кеміргіштерден ешқандай айырмашылығы болған жоқ. Бұл тараптағы тәжірибе барысында ғалымдар тышқандарға 14 сағат бойы нәр татырмай, ашықтырды, содан соң кенеусіз тамақтандырды, осылайша олардың ұйқы безін стреске ұшыратып көрген екен. Аталған фермент тапшылығы бар жануарлардың кәдімгі тышқандарға қарағанда стреске реакциясы әлдеқайда жоғары екені белгілі болды. Одан арғы зерттеу барысы көрсеткендей, жасушаның жаңа ақуыздарды қалыптастыруға стрестік жағдайға байланысты шамасы келмейтін кезде белсенді әрекетке көшетін қатпарланбаған ақуыз реакциясы (UPR) деп аталатын молекулалық жол Fic ферменті тапшы жануардың бойында қатты белсенділік танытқан. Зерттеушілер тышқандарға ас қорыту ферменттерінің жоғарылауын тудыратын ұйқы безіне әсер ететін церулеин деп аталатын препаратты енгізгенде осындай қорытындыға келді. Fic гені жоқ жануарлар фермент өндірісінің ауытқуына төтеп берген болатын. Зерттеушілер стресс пен UPR-ға байланысты бақылауға келмейтін жасуша реакциясы көптеген аурулардың дамуына ықпал ететінін атап өтті. Егер ғалымдар «стресс-термостаттың» қалай жұмыс істейтінін анықтай алса, оны қатерлі ісік пен нейродегенеративті ауруларды емдеуде тиімді пайдалануға болады

0 пікір
Мұрағат