Жасушалардың тар каналдан сығылысып өту арқылы денеге қалай тарайтынын көріңіздер (видео)
Жасушалардың тар каналдан сығылысып өту арқылы денеге қалай тарайтынын көріңіздер (видео)
4 жыл бұрын 3651 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Тар каналдармен жылжыған жасушаларды қадағалай отырып, олардың үш өлшемді ортадағы көші-қонын (миграциясын) бақылауға болады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі аталмыш тақырып бойынша зерттеу мақала жарияланған Biophysical Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі арқылы қатерлі ісік жасушаларының тінге қалай еніп, денеге қалай таралатынын да байқай аласыз. «Біздің зерттеуіміз жасушалардың шектеулі кеңістікте қалай көшіп, деформацияға ұшырайтынын көрсетеді. Осылайша жасушалардың in vivo өте жіңішке қан тамыры капиллярындағы қозғалысының жаңа тәсілінің әлеуетін танытады»,- деп мәлімдеді осынау зерттеуге жетекшілік еткендердің бірі, Франциядағы Страсбург университетінің ғалымы Даниэль Ривелин. Негізінде жасушалар қозғалысы мен миграциясы көптеген биологиялық құбылыстарда маңызды рөл ойнайды, соның ішінде аурудың басталуы мен дамуында да. Осы уақытқа дейін жасушалардың қозғалысы тегіс беткі жақта ғана зерделеніп келген еді. Енді қан тамыры мен организмде кездесетін өзге де құрылымдарға ұқсас үш өлшемді ортада тұңғыш рет зерделеуге мүмкіндік туды. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін Даниэль Ривелин бастаған ғалымдар тобы ашық немесе жабық конфигурацияларға ие микропроцессорлық каналдардағы жасушалардың қозғалысын зерделеген еді. Бұған қоса, кей каналдар тік болатын, ал кейбіреулерінің кей тұстары шағын тамырларда жасушаларды бұғаттауды көз алдыңа әкелетіндей тар келетін. Тар жерлерде жасушалардың қозғалысы кезінде ядролар жасушалардың өтуіне кедергі келтіріп, кідіріс тудыратын еді. Кей жағдайларда жасушалар кедергілерден өту үшін ядроны деформациялау мақсатында  созылуға тура келетін еді. Қосымша нәтиже көрсеткендей, жасушалар өте тар капиллярдан өте алмаса өзінің бағытын өзгерте алмайтын болып шықты. Бұдан бөлек, кейбір химиялық заттар тек бір бағытқа бастайтын қозғалысты тудыратын болып шықты. Бұл жаңалық өз кезегінде қатерлі ісік жасушаларының таралуының (метастазының) алдын алуға көмектесетін болады.

Тар каналдан өту кезіндегі жасуша ядросының деформациясы
 

Бір бағыттағы қозғалыс

 
 

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат