«Жасанды» ұйқы безі жасалды
«Жасанды» ұйқы безі жасалды
5 жыл бұрын 5369 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израилдің «Beta-O2 Technologies» деп аталатын биомедициналық фирмасы сусамырмен ауыратындар үшін инсулин істеп шығаратын, жасанды ұйқы безі секілді жұмыс істейтін имплантат прототипін жасады. Бұл жайында New Atlas ақпарат көзі хабар таратты. Қант диабетінің 1-ші типіндегі инсулинге тәуелді науқастар ұйқы безі жасушасының аса маңызды гормонды бөліп шығару қабілетінен айырылғандықтан қан құрамындағы глюкозаның мөлшерін ұдайы қадағалап отыруға әрі өзіне ине салуға мәжбүр. Израилдік ғалымдар ойлап тапқан,  біз сөз етіп отырған «TedAir» құрылғысы бұл проблеманы шешуге көмектеседі. Аталмыш құрылғы көлемі 6х6 сантиметрді құрайтын, корпусы титаннан жасалған капсула табиғи ұйқы безінің жасушаларынан тұрады әрі оттегі баллонын қамтиды. «TedAir» қан құрамындағы қант деңгейін ұдайы қадағалайды, қажет кезінде капсуладағы жасушадан инсулин істеп шығарады. Капсуладағы жасушалар адам донорынан алынуы мүмкін немесе зертханада пациенттің діңгекті жасушасынан өсірілуі мүмкін. Жасушаға берілетін оттегі жасушаның өміршеңдігін едәуір арттыра алады. Ол үшін аталмыш  дерт меңдеген науқас аптасына бір рет құрылғының оттегі баллонын толтырып отыруы тиіс. Тағы бір айта кететін тұсы – құрылғыны адамның иммундік жүйесі жатырқамайтын болады. Қажеті болмай қалған кезде пациенттің организімінен алып тастауға оңай. Жасанды ұйқы безі Швецияда төрт пациенттің бойында сынақтан өтті. Ешқандай жанама немесе теріс әсері байқалмады. Имплантантты салған сәттен бас он ай өткенше. Бұл аралықта жасушалар өміршеңдігін сақтаған еді.

Ұқсас жаңалықтарды қарай отырыңыз:

Инсулинге тәуелді сусамырдан құтқаруы мүмкін жаңалық. Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/insulinge-taueldi-susamyrdan-qutqaruy-mumkin-janalyq-galymdar-insulindi-istep-shygaratyn-jasusha-jasady-12894/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат