Жасанды қан тамыры жасалды
Жасанды қан тамыры жасалды
4 жыл бұрын 6622 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Санкт-Петербордың бір топ ғалымы диаметрі шағын жасанды қан тамырын жасаудың амалын тапты. Бұл технологияның негізін еруге бейім полимерлік матрица құрайтынын айта кетпекпіз. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Санкт-Петербордағы Петр Великий политехникалық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып мәлім етті. Аталмыш зерттеуге Санкт-Петербордағы Петр Великий политехникалық университетінің, Павлов атындағы бірінші Санкт-Петербор мемлекеттік жоғарғы оқу орнының және Ресей ғылым академиясының жоғары молекулярлы институтының ғалымдары атсалысты. Айта кету керек, синтетикалық қан тамырлары жасалып қойған, алайда, мұндай протез диаметрі 5 миллиметрден асатын қан тамырын ауыстырғанда ғана пайдаланады. Мұндай технологияны әлдеқайда жіңішке қан тамырларын жасауда пайдалануға болмайды, өйткені, тромб пайда болады. Оның үстіне, тамыр протездері балалар хирургиясында ғана пайдаланылады – бала өскен сайын оны үлкендеуіне алмастырып отыруға тура келеді. Яғни, қайта-қайта ота жасауға тура келеді, былайша айтқанда. Санкт-Петерборлық ғалымдардың тәсілі бойынша жасалған қан тамыры полимерлік еруші матрица негізінде өсетін болады. Бұл бағытта кеміргіштерге арнайы тәжірибе жүргізіліп көрген екен. Дәлірегі, матрица имплантантты тышқандарға кіріктірген болатын. 16 айдан кейін матрица еріп жоғалған соң оның орнында жасанды қан тамыры пайда болған. Сипаты ағынан табиғи тамырдан кем түспейтін. Бұған қоса, матрица материалы улы болмай шықты әрі организм оны жатсынған емес. Матрица үшін материал ретінде полилактикалық қышқыл пайдаланылды – адам организімінде кездесетіндіктен адам денсаулығына зияны жоқ қоспа. Тәжірибе нәтижесі ойдағыдай шықса да ғалымдар зерттеуді одан ары жалғастыра беретін болады.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат