Жасанды жылқы еті өсіріледі
Жасанды жылқы еті өсіріледі
5 жыл бұрын 3831 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей ғалымдары өнідіріс технологиясында денсаулыққа зиянды антибиотик пен өзге де дәрі-дәрмекті қажет етпейтін жасанды жылқы етін өсіруге бел буып отыр. Бұл жайында «Известия» мерзімді басылымы осы қаңтар айының орта шенінде хабарлады. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, жасанды етті жылқының діңгекті жасушасынан арнайы инкубаторда өсірмек. Алғашқы жасанды жылқы етінің фаршы үш жылдан соң пайда болады. Ал кесек еті биопринтердің көмегімен бес жылдан соң алынады. Бұл жаңалық өз кезегінде болашақта ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда денсаулыққа еш зияны жоқ балама нұсқасын жасауға жол ашады. Өйткені, мұндай жасанды ет алу үшін пайдаланылатын жануардың жасушасы вирустар мен бактериялардан жақсы қорғалған залалсыздандырылған қоректік ортада өсірілетін болады.

0 пікір
Мұрағат