Жасанды бұлшық ет жасушалары жасалды. Қандай пайдасы бар?
Жасанды бұлшық ет жасушалары жасалды. Қандай пайдасы бар?
3 жыл бұрын 2306 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тышқандарға жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, зертханада өсірілген жасанды бұлшық ет жасушалары жарақатты жазып, жарақатпен байланысты бұлшық еттің солуына қарсы күреседі. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Джон Хопкинс университетінің ғалымдары зертханада өсірген адамның бұлшық етінің діңгекті жасушалары бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе кезінде кеміргіштің зақымдалған бұлшық ет тінін қалпына келтірген әрі жасанды бұлшық ет жасушалары табиғи жасушалар секілді жаңарып отырған. Өздігінен жаңарып отыратын діңгекті жасушаларды жасау үшін ғалымдар зертханада өсірілген адам терісінің жасушаларын діңгекті жасушалар секілді жұмыс істеуі үшін генетикалық тұрғыдан мейлінше қайта бағдарландырылды. Яғни, организмдегі жасушалардың кез келген түріне айнала алатындай етіп программаланған. Мұндай жасушалар индукцияланған плюрипотентті діңгекті жасушалар (IPS) деп аталады. Ғалымдар зертханада IPS-тен түрлі жасушалар түрін алуды баяғыда меңгерген. Соның ішінде тері мен ми жасушаларын алуды да игерген. Ал Джон Хопкинс медициналық жоғарғы оқу орнына қарасты жасушлы инженерия институтының ғылыми қызметкері әрі неврология профессоры Габсан Ли бастаған ғалымдар тобы IPS-жасушасынан бқлшық еттің діңгекті жасушаларын алды. Бұл үшін олар қоректік заттарға бай ерітіндіні пайдаланған. Ғалымдар жаңа жасушалардың қайда кететінін және олардың зақымдалған тіндерді қалай қалпына келтіре алатынын білгісі келді. Осы мақсатта кеміргіштердің бұлшықеттеріне бұлшықет діңгекті жасушаларын енгізгенде, олар тауашалар (ниша, орын) деп аталатын аймаққа жылжитынына куә болды. Онда әдетте табиғи жолмен пайда болатын діңгекті жасушалар да болады.  Cодан соң ғалымдар бұлшық ет діңгекті жасушаларының зақымдалған тінді қалпына келтіре алатынын немесе келтіре алмайтынын тексері үшін екі түрлі тәсілді қоданып көрді. Біріншісінде ғалымдар бұлшық ет діңгекті жасушаларын кеміргішке қондырады (орнатады) да оны зақымдаушы улы заттар мен радиация әсеріне ұшыратып көреді. Нәтижесінде тышқан организіміне енгізілген жасанды бұлшық ет діңгекті жасушалары миобласт (зақымдалған жерді қалпына келтіретін бұлшық еттің құрылысшы жасушалары) түзген. Екіншісінде ғалымдар бұлшықет дистрофиясына әкелетін дистрофин гені мутацияға ұшыраған тышқандарға бұлшықет діңгекті жасушаларын трансплантациялады. Бірнеше айдан кейін тәжірибе нәтижесі жасанды діңгекті жасушалары мутацияға ұшыраған тышқандардың кәдімгі кеміргіштерге қарағанда екі есе алыс жүре алатынын көрсетті.

0 пікір
Мұрағат