Жасанды биология: бірер жылдан соң адам жасушасын жаппай клондау басталады
Жасанды биология: бірер жылдан соң адам жасушасын жаппай клондау басталады
5 жыл бұрын 5431 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Он жыл мұғдарында Ресейде емдік мақсатта пайдалану үшін адам жасушасы жаппай клондала бастайды. News.ru ақпарат көзіне сұхбат берген Ресей ғылым академиясы жанындағы ген биология институтының ұжымдық пайдалану орталығы жетекшісінің орынбасары Алексей Дейкин осылай деп отыр. Осындай жолмен алынған жасушалар түрлі ауруларды емдеуде, ғылыми зерттеуді жүргізуге, трансплантациялауға жарайтын жасанды ағзаларды жасауда пайдаланылуы мүмкін. Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, генетик Евгений Лильин бұл орайда әріптесінің пікіріне қосылатынын білдіріп, дәлірегі, алдағы он жылдықта жасанды ағзаларды өсіру қолға алынатынын жеткізді. Ал адамның тірі сыңарын (репродуктивті клондау) жасауға әлем бойынша тыйым салынғанын айта келіп, мемлекеттік думада мұндай репродуктивті технологияны пайдаланудың мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік беретін зерттеулер жүргізуге тапсырыс берілгенін мәлім етті.

0 пікір
Мұрағат