Жас кезінде сусамыр дертіне шалдыққандардың алжуға бейім келетіні анықталды
Жас кезінде сусамыр дертіне шалдыққандардың алжуға бейім келетіні анықталды
6 ай бұрын 603 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жас кезінде қант диабетінен зардап шеккен адамдардың қартайғанда Альцгеймер ауруына шалдығу қатері жоғары болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы эндокринолог дәрігер «әрі медицина ғылымдарының докторы Зухра Павлованың Telegram әлеуметтік желісіндегі арнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маман қант диабетімен ауыратын адамдардың миында сау адамдарға қарағанда улы, ерімейтін ақуыздардың көптеп жиналатынын түсіндірді. Улы ақуыздар өз кезегінде нейронды зақымдап, кейін адамның конгнитивті қабілетіне (жадысына, назар салуына, т.б.) теріс әсерін тигізбек. Сондай-ақ, қант диабетімен ауыратын жастардың қанында Альцгеймер ауруы биомаркерлерінің деңгейі жоғары болып келетінін алға тартты. Дәрігер бұл қант диабеті диагнозы қойылған адамдардың барлығы қартайған шағында деменцияға шалдығады дегенді білдірмейтінін атап өтті. Дегенмен, жат әдеттерге үйір болу, дене белсенділігінің төмендігі және дұрыс тамақтанбау Альцгеймер ауруының қаупін айтарлықтай арттырады.

0 пікір
Мұрағат