Жарықтың 95,5%-ын шағылыстыратын (қайтаратын) бояу жасалды
|
Ғалымдар күн сәулесі тікелей түссе де қоршаған ортаның температурасынан төмен салқын күйге енетін ақ бояу ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі аталмыш зерттеу туралы материал жарияланған Cell Reports Physical Sciencе мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Радиациялық салқындату технологиясын өндірісте қолданса, шығыны көп. Бұған қоса, мұндай бояу күн сәулесін 95,5%-ын шағылыстыра алады. Ал коммерциялық мақсатта қолданылып жүрген нарықтағы «жылу өткізбейтін бояу» күн сәулесінің тек 80–90%-ын ғана шағылыстыра алады әрі қоршаған орта температурасынан төмен салқын күйге ене алмайды. Жаздың аптап ыстығында кеңседегі қапырықты сейілту үшін қолданылатын әдеттегі желдеткіш жүйесі энергияны көп тұтынады да жылуды артығымен бөліп, климат дағдарысын тереңдетеді. Осындай факторларды ескерген ғалымдар 1970-ші жылдардан бастап радиациялық салқындатуға арналған бояуды жасау жолында тер төгіп келеді. Желдеткішке балама бола алатын нұсқасын жасау үшін ғалымдар титан диоксидінің стандартты бөлшектерінің орнына кальция карбонатының толтырғыштарын пайдаланған болатын. Бұл өз кезегінде бояудың ультракүлгін жарықты сіңіріп алу мөлшерін азайтуға мүмкіндік берді.