Жарық пен көлеңкеден энергия өндіретін технология
Жарық пен көлеңкеден энергия өндіретін технология
5 жыл бұрын 3350 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сингапур ұлттық университетінің ғалымдары фотоэлектрлі панелдің дамуын тың бағытқа бастайтын  SEG технологиясын ойлап тапты. Осы уақытқа дейін панелдер тек күн сәулесінен энергия өндіріп келген болса, бұл жүйе энергия өндіруде жарық пен көлеңке комбинациясын пайдаланады. Аталмыш технология тек ауа райына тәуелділіктен арылтып қоймай, сонымен қатар, қимыл-қозғалыс детекторының жаңа түрін жасауға мүмкіндік береді. SEG-панелі конструкциясы жағынан фотоэлементті еске түсіреді, алайда, құрылымы барынша қарапайым – пластикті төсеніш алтын жалатылған кремнилік пластинкамен қапталған. Ол жарыққа сезімтал келеді: жарық түскенде де, көлеңке шалғанда да энергия өндіреді. Алайда, мардымсыз. Жарық мен қараңғы тұстар арасындағы әлеуеттерінің айырмашылығы едәуір, бұл өз кезегінде кернеу тудырып, электр өндіруге мүмкіндік береді. Сол себепті, энергия алу үшін мұндай панелдердің бір бөлігіне жарық түсіріп, қалған бөлігін қараңғылау керек. Осылай еткенде ғана энергияны бір қалыпты өндіреді әрі тек жарықтан ғана энергия өндіретін баламасына қарағанда екі есе энергия өндіретін болады. Қолдан көлеңке жасау оңай, яғни, панелдің бір бөлігін күннен қалқалап, күн ауған сайын жылжытып отырсаңыз жетеді. Баланысты ұстау үшін. SEG-панелінің тағы бір ерекешілігі – қозғалыстан да энергия өндіретіндігінде жатыр. Егер панелді жарық дәлізге қойсаңыз, энергияна аз өндіреді, ал оның тұсынан адам өткенде, яғни, оның көлеңкесі түсетін болса, энергияны өндіру қуаты күрт артады. Тек бір кемшілігі – қымбат алтынды алмастыратын материал табуда жатыр. Арзандатып, жаппай қолданысқа шығаруға осы жағы қолбайлау болып тұр.

0 пікір
Мұрағат